Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанның интернеттегі ұлттық қауіпсіздігімен айналысатын а | Narikbi LIVE

Қазақстанның интернеттегі ұлттық қауіпсіздігімен айналысатын адамдардың логикасын түсінгім келеді.

Қазақтар көп қолдана бермейтін, тіпті 10 000 000 қазақстандық қолданатын Инстаграмның жанында “тіпті ешкім қолданбайды” деп айтуға да келетіндей сервистерді бұғаттап тастайды да қарап отырады.

Мысалы, issuu деген электронды журнал жариялауға арналған платформа бар. Соны бұғаттай салады.

Medium блогплатформасы бар. Соны бұғаттай салады.

Vimeo видеоплатформасы бар. Соны бұғаттай салады.

Ал енді… ешкімге зияны жоқ Linkedin желісін де бұғаттап тастапты.

Әлі есімде, сонау 2011 жылдары Қазақстанда ең бірінші боп қазақ блогосферасы өте қарқынды дами бастаған болатын. Асхат Еркімбай құрдасымның санағы бойынша, кемі 500-дей қазақтың әрбір саладағы “сен тұр, мен айтайын” контент жасаушысы жетіліп келе жатқан еді. “Ана ауылдың бақаны ішіме тиді” дегендей, айдаладағы бір кавказдық топтар уордпрес платформасынан блог ашты деп біз блог жазып жүрген ресурсымызды бұғаттай салған еді.

Ең қызығы, бұл платформаның барлығы нағыз контент жасаушы немесе прогрессив адамдар қолданатын ресурстар. Осыдан кейін ренжісең, “Неге ренжисің?” деп өзіңе ренжиді…