Get Mystery Box with random crypto!

Қасиетті Құрбан айттың екінші күнінде де еліміз бойынша құрбан | Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Қасиетті Құрбан айттың екінші күнінде де еліміз бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жүйелі түрде өтті.

Үйлестіру жұмыстарына бекітілген ҚМДБ және мешіт қызметкерлері өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады.

Мұсылман қауымының ұлық мейрамында қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы Құрбан айттың екінші күні республика бойынша 6578 қой, 618 ешкі, 456 ірі қара мен 11 түйе сойылса, 33 981 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді.

Сондай-ақ еліміз бойынша www.qurban2022.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы да ойдағыдай орындалды. Айттың екінші күні qurban2022.kz сайты арқылы құрбан шалуға 1 591 тапсырыс келіп түссе, 1149 қой, 239 ешкі, 36 ірі қара және 7 адам бірігіп шалу бойынша 170 ірі қара сойылыпты. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі жіберілді.

#qurban2022