Get Mystery Box with random crypto!

Қай ақын бақыттан қашпаған?!... Тасқараң. Баянды бақ ізде бас | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Қай ақын бақыттан қашпаған?!...

Тасқараң.
Баянды бақ ізде басқадан.
Жырларым ғашық қып қойғанмен.
Жақсы өлең жазбайды жақсы адам.

Бақ ғұмыр.
Өзгеден өзгеше тақшы гүл.
Тәтті өмір аңсайды адамдар.
Тәтті өмір болмайды тәтті жыр.

Ойлама!
Мұң шақпа күнге де айға да.
Ғасырлық қалады сағыныш.
Амалсыз "қош" дейміз жайғана.

Қуатым!
Жүгенсіз мінгенім жыр атын.
Өзегі өртеніп өлсе де.
Өлең боп жасайды ұлы ақын.

Асқақ ән!
Қай ақын бақыттан қашпаған?!
Бағалы өлеңдер жазады,
Баянсыз сапарын бастаған!

Мейрамбек Абдикалиев
2017
https://t.me/Meyrambek_poeziya