Get Mystery Box with random crypto!

Жақсы адамдар Керек емес атағың ақылыңда . Өз несібем өзімнің | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Жақсы адамдар

Керек емес атағың ақылыңда .
Өз несібем өзімнің тақымымда.
Жеті ғасыр жасауға жер баспай-ақ.
Жалғыз өлең жетеді ақыныңа.

Қоғамды қақсатқанда қадыр - ойын.
Керек емес мəртебең абыройың.
Мендік арман аспанның ар жағында.
Аяғымнан шала алмас қəбір ойың.

Рахмет!
Жобаңада, жорғаңада.
Құлауын құлагердің сор балама.
Міндет етер мінбеге мінгізгенше.
Мені апарым қарағым торға қама!

Айтпағым арзан арман, ақсаған ар.
Күнін - ай, жұлдыздарын аспан алдар.
Жер ғаламды талқандап тастар едім:
Болмағанда,
Бір - екі жақсы адамдар!

Жақсы адамдар!
Сендер аман болыңдаршы - мен үшін...

Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya