Get Mystery Box with random crypto!

Жүрегімді жұбатарлық не айтады жүрегің? Сәлем жаным! Қалың қа | Поэзия және Мен Мейрамбек Абдіқалиев

Жүрегімді жұбатарлық не айтады жүрегің?

Сәлем жаным!
Қалың қалай жақсы - ақ па?
Тағдыр сені менен бөліп өзге жанға қоспақ па?
Мен өзіңді жай алыстан бір көре алмай күйінсем...
Басқа біреу жүрген шығар білегіңнен ұстапта...

Өзге жанның қолында ма сенің аппақ білегің?
Құшқан шығар беліңнен, тағы ерніңнен...білемін...
Қызғаныштың алауында жанып тұрып сұрарым:
Жүрегімді жұбатарлық не айта алар жүрегің?

Сезімімді түстей алмай, атай алмай бір атпен.
Ділімде де, тілімде де қайталанып жүр ӘТТЕҢ!
Маңдайыма жазылмасаң тағдырда деп бар айып,
Өп - өтірік бақыт тілеп кете алмаймын бірақ мен.

Кете алмаймын, кете алмай қайта - қайта оралам,
Сүйгенінен қалай алыс жүре алады тірі адам?
Түн ұйқымнан шыдай алмай кейде шошып оянам,
Сен бе екен деп түсімдегі мені қимай жылаған...

Жүрегіңді жұбатарлық сөз таппай жүр жүрегім!
Білесің ...білемін...

Мейрамбек Абдіқалиев
Байланыс:@Abdiqalyev_Meyrambek
https://t.me/Meyrambek_poeziya