Get Mystery Box with random crypto!

Marfuga Shapian

Telegram арнасының логотипі marfugashapian — Marfuga Shapian M
Telegram арнасының логотипі marfugashapian — Marfuga Shapian
Арна мекенжайы: @marfugashapian
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.60K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-02-01 19:32:32 1-ақпан халықаралық орамал күні. Мерекеміз құтты болсын, қыздар!

Менің орамалға келуім намазға қарағанда ұзақтау болды. Алайда Аллаға шүкір, орамал таққаннан кейінгі жүрегімдегі тыныштықты, өзім сезінген жайлылықты айтып жеткізе алмаймын. Басымда орамалым барда өзімді өте-өте жақсы сезінемін. Бірақ орамалдың жайлылығымен қатар, мына дүниедегі, қоғамдағы сынағы да бар.

Жазда бірнеше қабат оранып жүру оңай емес. Ыстықтамайды емес, ыстықтайсың. «Қазақ әйелдері бұлай жүрмеген» деп, әр оңтайлы сәтте түйреп өтетін сөздерді есту де оңай емес. Жүрегің тас емес қой, ауырады. Әуежайда еліңнен әр шыққан, кірген сайын, сұрақ-жауаптың астына алып, түрлі қағаздар толтыртып, орамалыңның астын тексерту қайбір оңай дейсің?! Өз еліңнің заңы болған соң оған да көнесің. Орамалыңды желеу етіп жұмысқа алмағанда, сені өткен ғасырдың адамы көріп, төбеңнен қарағанда, оңай деймісің?! Ол кезде де оңай емес.

Алайда, бұл жолды, бұл ауыртпалықты өзім таңдадым ғой. Бұл – мен үшін ақиқат жолы, ар жолы. Ал мұндай қиындықтар иманымды шыңдай түседі. Орамалым үшін сөз естігенде, намысым тапталғанда, қоғамға сыймаған кезде Раббымды, Оның әділдігін ойлаймын. Ойлаймын да, сансыз сауабынан үміт етемін. Тіпті орамалымның есебінен жаздың самал желі мойнымды өппесе де, Алла тағала біздерге қандай сый әзірледі екен деген ой жанымды жылытады.

Орамалымды жақсы көремін. Ол – менің сүйікті Раббымның бұйрығы. Ал Оның бұйрығын орындау – мен үшін сүйкімді нәрсе, маған қуаныш сыйлайтын дүние.

Қымбатты әпке-сіңлілерім! Сіздердің араларыңызда да орамалымен сыналып, түрлі қиындық көріп жүрген жандардың көп екенін білемін. Қандай ауыр сынақтарды бастарыңыздан өткерсеңіздер де Алла тағаланың барлығыңызды көріп тұрғанын ұмытпаңыздаршы. Және жай көріп тұрған жоқ, бұйыртса ниеттеріңізге сай сыйы да әзір.
295 views16:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 08:37:02 «Өмірзая» кітабының сілтемесі төменде:
401 views05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 08:36:46 1/100 қазақша_кітап


БАҚҚОЖА МҰҚАИ «ӨМІРЗАЯ» РОМАНЫ

«Өмірзая» – Баққожа Мұқаидың ұзақ толғаныспен жазған романы. Жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман.

КІТАП НЕ ТУРАЛЫ?

Тәуелсіздік келіп, қаламына да азаттық келген қазақ жазушылары туындылары арқылы өткеніне оң баға бере бастағанда Баққожа Мұқаидың «Өмірзаясы» осы қатарда оқ бойы озық тұрды.

«Өмірзаяда» Аяған Қуатов атты тарихшының өз тақырыбын қорғау жолындағы күресі, намысы мен жігері, ұлтына деген сүйіспеншілігі баяндалады. Ұстазы Алдияр Ақпанұлы Кенесарыны зерттесе, бұл Сыздық төреге тоқтайды. Нәтижесінде түрмеге қамалады.

Б.Мұқаидың «Өмірзаясы» маған Кеңес үкіметі кезінде қудаланған, түрмеге қамалған, қасірет шеккен барлық ақтаңдақтарымызға қойылған үлкееен ескерткіш секілді. Өйткені жазушы кейіпкерінің аузына Жүсіпбек Аймауытовтың да, тарихшы Ермұхан Бекмахановтың да сөзін салады.

РОМАНДЫ КІМДЕР ОҚУЫ КЕРЕК?

Б.Мұқаидың «Өмірзаясын» қазақтың өткеніне қызығатын, Кеңес үкіметі ұлтымызға әкелген қасіретті білгісі келетін әр ұлтжанды адам оқу керек;


Алаш зиялылары көрген қиындықты түйсінгісі келетін жан оқуы керек;

Тәуелсіздіктен кейінгі әдебиетімізде не бар десеңіз, «Өмірзаяны» оқыңыщ.


«ӨМІРЗАЯ» ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

«Өмірзаяға» Халық жазушысы Мұхтар Мағауин: «Танымал жазушы Баққожа Мұқаидың «Өмірзая» романы осы құлдық сана, рухтың жаншылуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс дер едік. Әдетте, жадағай сын әлдебір шығарманы көтергісі келсе, қызғылықты, жеңіл оқылады, тартып әкетеді деп көрсетеді. Баққожа романының тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады. Мен тура бір аптада әрең бітірдім. Бүге-шігесін қадағалап, айшық, бедеріне ден қойғаннан ғана емес. Баққожа сыпаттап отырған өмірдің зіл-батпан ауыр салмағынан. Сол өмірдің нақпа-нақ, шынайы қалыпта таңбалануынан. Қандай өмір десеңіз – советтік шындық дер едім», – деп баға береді.

Жазушы Герольд Бельгер: «Соңғы жылдары мен оқыған қазақ романдарының ішінде ең алдымен маған ой салып, жүрегімді тебіренткен Баққожа Мұқаидың «Өмірзаясын» атар едім. Бұл роман көш құлаш мақала жазуға негіз бола алады. Бірер ауыз сөзбен қысқа қайырсақ, бұл – тынысы кең, идеялық жүгі ауыр, шым-шытырық оқиғаға құрылған, болмыс-бітімі жан-жақты, заман ағысын, ұлттық тарихтың жауапты кезеңін терең бажайлап, баяндайтын, кім-кімді де ойсыз қалдырмайтын сүбелі, соны туынды», – дейді.
438 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-01-17 12:16:37 ҚҰНАНБАЙ ӨМІРІНЕН АЛҒАН 4 ҒИБРАТ

Менің ислам.кз порталына тұлғалар туралы жаза бастауым Абайдың әкесі Құнанбайдан басталған. Солай ары қарай жалғасты да, кетті. Бүгінгі постта бұл ғажап адамның өмірінен қажылық сапары жайлы үзінді ғана жаздым ғой.
Небір күшті оқиғалары «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабымның 1-томына енді.

Құнанбай өмірінен қандай ғибрат алдым? Сіздерге соны айтып берейінші.

1-ғибрат.
Ұрпағың мықты болсын десең, өзің, шыққан тегің мықты болуың керек екен. Құнанбай осал адам болмаған. Ал енді ұрпағына қараңызшы. Абай, Шәкәрім, Мағауия, Әбдірахман, Кәкітай, Тұрағұл, Ахат, Архам... Бәрі шетінен мықты. Кеңес үкіметі құртты ғой бәрін. Ұрпағымыздан мықты адамдар шықсын десек, өзімізді аямауымыз керек.

2-ғибрат. Бала тәрбиесінде ананың ойнайтын рөлі өте маңызды екен. Құнанбайдың анасы Зерені алайық. Парасатты ана ұлының тәрбиесіне қатты мән берген. Тіпті өзі дәретсіз, омырауын жумай емізбеген. Бәріміз бала тәрбиелеп жүрміз. Қайсымыз солай істейміз? Сосын Зере анамыз бетін қанша қайтарып тастаса да, Құнанбайға Кеңгірбай бидің батасын алып береді. Осы да біздей аналарға сабақ болуы керек. Аузы дуалы адамдардан балаларымызға бата, дұға сұрай жүруіміз қажет.

3-ғибрат.
Көпке пайдалы болу. Құнанбай көптің мұң-мұқтажын тыңдайтын, қолы ашық мырза, әділ адам болыпты. Кейін екі рет өлімнен қалады. Біріншісінде шешек шығады, екіншісінде жаудың найзасы кеудесіне қадалады. Екеуінде де халық Құдайдан жылап жүріп Құнанбайдың амандығын тілеп, алып қалады. Тіпті алыстағы Құнанбайды көрмеген бір кедей оның ажал алдында жатқанын естіп, амандығы үшін құрбандыққа жалғыз сиырын сойып, жоқ-жітікке таратып беріпті. Одан себебін сұрағанда: «Құнанбай мырза менің ешкімім де емес. Ол – халықтың адамы. Қазақтың қасиетті перзенті. Мендей сіңірі шыққан жандардың талайына болысқан адал, қолы ашық, мырза деп естимін. Құнанбай тірі жүрсе, әлі талай жоқ-жітікке көмек қолын созар» деген екен. Бұдан шығатын қорытынды, көпке пайдалы бола алсақ, біздің тілеуімізді тілейтін жанның да көп болатыны.

4-ғибрат. Адал болу. Құнанбай немересі Шәкәрімге: «Адал бол, Шәкәрім! Көпке жақпай, адал болмай, абырой-атақ алмайсың» деген екен. Сосын өз өмірінен талай мысалдар айтады. Бұдан түйгенім, өмірде адал болсаң, екі дүниеде де абыройлы болады екенсің.
141 views09:16
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 09:02:35 Құрбылармен кездесіп отырғанбыз. Әңгімеден әңгіме шығып, тақырып бай болуға, жалпы Исламдағы байлыққа қатысты тақырыпқа ойысты. Біріміз көзсіз ақшаға ұмытла берудің дұрыс еместігін, енді біріміз «кедейлердің жұмаққа бірінші кіретінін» айтып жаттық. Сонда қыздардың бірі мына бір әдемі оқиғаны баяндап берді. Соны сіздерге жеткізбекпін

Баяғыда бір кісі сауда жасамақ болып үлкен керуенмен жолға шығыпты. Бір жерде аялдап, демалып отырғанда көзі екі көгершінге түседі. Байқап қараса, көгершіннің бірінің көзі соқыр екен. Ал жанындағы көгершін тұмсығымен тістеп әкелген асын соқыр көгершінге беріп, тамақтандырып жатады. Мұны көріп қайран қалған саудагер «О, мейірімі шексіз Алла тағалам! Қандай жағдайда болсақ та Сен бізді аш, ризықсыз қалдырмайды екенсің ғой!» дегенді қайталай береді. Ақырында керуенін кері бұрып, ауылына қайтады.

Ауылға керуен-керуен жүкпен қайта кіріп келе жатқанын көрген адамдар саудагерден себебін сұрайды. Екі көгершіннің оқиғасын баяндаған саудагер «Жұмыс істеп қиналмай-ақ қойсақ та болады екен. Алла тағала бізді ризықсыз қалдырмайды», - дейді. Сонда оның жауабын естіп тұрған бір адам басын шайқап: «Еее, сен соқыр көгершіннің емес, оған тамақ тасыған жанындағы көгершіннің орнында болуды ойламадың ба?» - деген көрінеді.

Ғажап мысал, иә? Алушы қолдан беруші қол жақсырақ, әлсіз мұсылманнан күшті мұсылман Алланың алдында сүйкімдірек. Сондықтан Алла тағаладан байлыққа жеткіз деп сұрағанның, сосын ризық-несібеге жету үшін қолдан келгенше еңбектенгеннің айыбы жоқ.

Алайда ондағы ниет ақшаңды адамдармен бөлісу, әлсізге көмектесу, қоғамға пайдалы іс жасау болу керек. Тек қарақан басың мен құлқыныңды тойдыру үшін байлыққа ұмтылу – дінімізде құпталмайтын іс.

Қазақта Құнанбай, Маман, Досжан, Қаражан секілді бір ауылды, әулетті ғана емес, мұқым елді асыраған небір байлар өткен. Меккеде қазақ түссін деп қонақүй салдырған, мешіт-медресе тұрғызған, бала оқытқан, «Қазақ» газетін шығартқан, ұлтының оқығандарына қызмет еткен, міне, солар.

Сондықтан бүгінгі жұмадағы тілек, бәріміз бай болайық, Қарынбайлардан емес, жомарт байлардан болайық! Алла тағала дүниені жүрегімізге кіргізбесін, тек қолымызға берсін!
343 views06:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-04 07:44:32 Алла сүйген құлдың мынандай белгілері бар екен:

Ауру адамды өзіне зиян әкелетін белгілі бір тамақтан сақтандырғанымыз секілді Алла тағала да сүйген құлын дүниеден қорғайды. Дүние берсе де, оны жүрегіне кіргізбейді, соңынан қудырмайды;

Оған құлшылықтың түрлі есіктерін ашып береді;

Оған ізгі амалдардың түр-түрін үйретеді;

Шынайы дұға жасауға әкелетін істі тапсырып қояды;

Жолынан Алланы еске түсіріп тұратын жақсы адамдарды кездестіреді.

Салиқалы адамдарды жақсы көргізеді, салиқалы адамдар мұны да жақсы көретін болады;

Мешітке жиі барғызады;

Өзін жиі еске алғызады;

Күнә мен оның арасына қорған қояды;

Жанына тура жолдан тайғандарды жолатпайды;

Оған Құран оқығаннан ләззат алдырады;

Оны Пайғамбарына (с.а.у.) ғашық етеді;

Жүрегінен Өзінен алыстататын істі алып тастайды;

Оны даудан қашырады;

Дәрет, намазға асықтырады;

Ондай жанның тілі истиғфардан босамайды.

Шади Альмасридан орысшаға аударған Иман Қуанышқызы. Мен қазақшаладым. Осы тізімге қараңыз да ойланып көріңізші. Алла жақсы көретін жандардың қатарындасыз ба? Өміріңізде қай пункт бар?
314 views04:44
Ашу / Түсініктеме
2021-12-22 15:32:21 Сіз өзіңізді мына әлемде еш құны жоқ жан секілді сезінуіңіз мүмкін. Алайда...

Біреу сіз сыйлаған әдемі ыдыспен күнде таңертең кофе ішіп, бақытты...

Енді біреу радиодан Сізді еске түсіретін әнді тыңдап, мәз болып келеді...

Тағы біреу Сіз ұсынған кітапты оқып, өзге әлемде саяхатта жүр...

Енді біреу жұмыстан шаршап келгенінде Сіз айтқан әзілді еске түсіріп, бір күліп алды...

Тағы біреу Сіз айтқан комплименттен кейін өзін бағалай бастады...

Ештеңені өзгерте алмаймын, еш нәрсеге әсер алмаймын деп ешқашан ойламаңыз. Сіз жайған жылулық пен кішігірім деген жақсылықтардың өзін мынп әлемнен өшіріп тастау мүмкін емес.
4.3K views12:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-18 14:34:35 Ертең Арафа күні. Бұл күні не істеу керек екенін мына видеомнан көріңіз



836 views11:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 20:00:27 "Намазды қалай қаза етпеуге болады? Құлшылыққа ықыласты қалай арттыруға болады?" деп үнемі сұрайсыздар. Соңғы кезде өзім орындауға тырысып жүрген 2 лайфхакпен бөлісейін.

Ең алдымен дұға. Яғни таң намазын оқып біткен соң Алладан "Бесін намазын оқуға ықыласымның артуын, қаза етпеуімді" сұраймын. Бесін намазында келесі намаз - екінтінің сәтті өтелуін тілейміг. Көп емес, тек келесі намазды ғана көздеймін. Солай бір намаз бір намазға жалғасуда.

Келесі бір істеуге тырысып жүрген амалым - Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті. Алла елшісі намаз уақыты кіргенде қандай іспен айналысып жатса да, оны тоқтатып, бірден мешітті бетке алады екен. Не істеп жатса да! Мен де осыны жасауға тырысып жүрмін. Намаз уақыты кірген соң көп ұзатпай намазды оқып алуды. Үнемі қолымнан келе бермейді. Бірақ барынша тырысып жүрмін. Өйткені намаз оқымасаң, оқығанша "оқу керек еді" деген ойдың өзі біраз энергияңды құртады.

Намазға немқұрайлы боп жүрген достарым, осы екі әдісті қолданып көріңіздерші. Мүмкін кәделеріңізге жарап қалар
1.4K views17:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 14:11:36 Инстаграмдағы, айналамыздағы тым "успешный" адамдарға қарап, кейде өзіңді қамшылайсың. "Менің де мүмкіндігім көп қой", "мен де көп ақша таба алам", "асығу керек", "көбірек жұмыс істеу қажет" деп. Тезірек... Көбірек...

Айына миллиондаған табыс туралы естіп, сен де дүрмекке ере бастайсың. Жанталасқа қосыласың. Ол жанталастың осы сәтпен өмір сүруді ұмыттыратынын, отбасыңа бөлетін уақытты алып қоятынын, дінің туралы ойлауға мұрша бермейтінін, Құдайға құлшылығыңды көркем жасаудан қалдыратынын да естен шығарасың.

Бірақ сен ондай емессің, жанталасып өмір сүру - сенікі емес. Сен өзен емес, көл шығарсың. Олар сарқырап ақпаса, тоқтап қалса, жоғалып кетеді. Ал сен өз орныңда ақырын ғана буырқанып жатасың, күн сәулесімен айдының жарқырап шұғыласын шашады. Қажет болса, айналаңа бақыт та сыйлайсың, жұбатасың. Көл де, өзен де жаман емес. Тек әркімнің өз жолы бар.

Ешқайда асықпай, әдемі айдын көл болуға мүмкіндік туып тұрғанда, КӨЛ бол. Және сол үшін Аллаға шүкіршілік айт!
1.5K views11:11
Ашу / Түсініктеме