Get Mystery Box with random crypto!

Инстаграмдағы, айналамыздағы тым 'успешный' адамдарға қарап, к | Marfuga Shapian

Инстаграмдағы, айналамыздағы тым "успешный" адамдарға қарап, кейде өзіңді қамшылайсың. "Менің де мүмкіндігім көп қой", "мен де көп ақша таба алам", "асығу керек", "көбірек жұмыс істеу қажет" деп. Тезірек... Көбірек...

Айына миллиондаған табыс туралы естіп, сен де дүрмекке ере бастайсың. Жанталасқа қосыласың. Ол жанталастың осы сәтпен өмір сүруді ұмыттыратынын, отбасыңа бөлетін уақытты алып қоятынын, дінің туралы ойлауға мұрша бермейтінін, Құдайға құлшылығыңды көркем жасаудан қалдыратынын да естен шығарасың.

Бірақ сен ондай емессің, жанталасып өмір сүру - сенікі емес. Сен өзен емес, көл шығарсың. Олар сарқырап ақпаса, тоқтап қалса, жоғалып кетеді. Ал сен өз орныңда ақырын ғана буырқанып жатасың, күн сәулесімен айдының жарқырап шұғыласын шашады. Қажет болса, айналаңа бақыт та сыйлайсың, жұбатасың. Көл де, өзен де жаман емес. Тек әркімнің өз жолы бар.

Ешқайда асықпай, әдемі айдын көл болуға мүмкіндік туып тұрғанда, КӨЛ бол. Және сол үшін Аллаға шүкіршілік айт!