Get Mystery Box with random crypto!

Алла сүйген құлдың мынандай белгілері бар екен: ⠀ Ауру адамды | Marfuga Shapian

Алла сүйген құлдың мынандай белгілері бар екен:

Ауру адамды өзіне зиян әкелетін белгілі бір тамақтан сақтандырғанымыз секілді Алла тағала да сүйген құлын дүниеден қорғайды. Дүние берсе де, оны жүрегіне кіргізбейді, соңынан қудырмайды;

Оған құлшылықтың түрлі есіктерін ашып береді;

Оған ізгі амалдардың түр-түрін үйретеді;

Шынайы дұға жасауға әкелетін істі тапсырып қояды;

Жолынан Алланы еске түсіріп тұратын жақсы адамдарды кездестіреді.

Салиқалы адамдарды жақсы көргізеді, салиқалы адамдар мұны да жақсы көретін болады;

Мешітке жиі барғызады;

Өзін жиі еске алғызады;

Күнә мен оның арасына қорған қояды;

Жанына тура жолдан тайғандарды жолатпайды;

Оған Құран оқығаннан ләззат алдырады;

Оны Пайғамбарына (с.а.у.) ғашық етеді;

Жүрегінен Өзінен алыстататын істі алып тастайды;

Оны даудан қашырады;

Дәрет, намазға асықтырады;

Ондай жанның тілі истиғфардан босамайды.

Шади Альмасридан орысшаға аударған Иман Қуанышқызы. Мен қазақшаладым. Осы тізімге қараңыз да ойланып көріңізші. Алла жақсы көретін жандардың қатарындасыз ба? Өміріңізде қай пункт бар?