Get Mystery Box with random crypto!

Marfuga Shapian

Telegram арнасының логотипі marfugashapian — Marfuga Shapian M
Telegram арнасының логотипі marfugashapian — Marfuga Shapian
Арна мекенжайы: @marfugashapian
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.60K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2020-08-16 17:26:25 1-күн. Шүкірлік күнделігі

1. Аяланың тыныш ұйқысы үшін Аллаға шүкір;
2. Алла тағаланың небір тағамдар жегізіп, соншалық нығмет бергені үшін шүкір;
3. Денсаулығым үшін шүкір.
4.9K views14:26
Ашу / Түсініктеме
2020-08-16 15:36:25 Тамақтану әдетімді өзгертуді бұрыннан ойлап жүрмін. Өйткені жас та болсақ, белгілі бір ауруларымыз бар. Дәрігерге жүгінсек олар «Дұрыс тамақтаныңыз, қуырылған жемеңіз, тәтті жемеңіз, ұнды тағамдарды азайтыңыз. Бәрі тамақтан» деп жатады. Коронавирустың бір пайдасы десек те болар, соңғы кезде өзімнің әрі отбасымның денсаулығы туралы шындап ойланып, аурудың алдын алғым келді. Амал – бізден, шипа – Алладан.

Осыған дейінгінің бәрі дайындық болатын. Төменде ертеңнен бастап енгізетін әдеттерімнің тізімі. Біріңізге болмаса, біріңізге пайдалы боп қалар деп жазып отырмын. Бір айдан соң нәтижесін тағы жазамын, бұйыртса.

• Ояна сала аш қарынға 500 мл жылы су ішу;
• Тамақ ішіп отырғанда телефон ұстамау, кітап оқымау, тек тамақ туралы ойлау. Себебі, басқа нәрсеге алданып отырып, байқамай тамақты көп жеп қоюың мүмкін;
• Шанышқы қағидасы. Аузыңа тамақ салған соң қасығыңды не шанышқыңды қолыңда ұстап отырмай, үстелге қоя тұру. Бұл аузыңыздағы тамақты дұрыс шайнауға көмектеседі;
• Үстел басында 20 минуттан артық отырмау, қажет болса таймер қойып қою;
• Консервіленген, қуырылған тағамдардан, полуфабрикаттан бас тарту;
• Глютен, қантты және сиыр сүтінен жасалған тағамдардан бас тарту;
• Таңғы асты оянған соң 1 сағат ішінде ішу;
• Таңғы асқа ақуыз+май (мыс: топл майға пісірілген жұмыртқа) жеу;
• Түскі асқа ақуыз+бұқтырылған көкөніс+май (мыс: ет, қызанақ, қиярды зәйтүн майына араластырып салат);
• Кешкі асқа қиын көмірсу (көкөніс сорпалары, күріш, қарақұмық) жеу;
• Ақуызды тағамдарды кешкі 17.00-ге дейін жеп алу және жанына міндетті түрде көк шөп қосу;
• Күніне сорпа ішу;
• Тамақты тек жануар майына пісіру;
• Күні бойы 2,5 л су ішу;
• 19.00-ден кейін суды азайту;
• Витаминдерімді уақтылы ішу;
• Өлшеулі мөлшерде жеміс-жидек жеу.

Аптасына 1 күн өзіме қалағанымды жеуге рұқсат беремін. Ал қалған уақытта барынша ұстануға тырысамын. Нәтижесін осында салып тұрармын.


#марфу_жекедаму #тамақтану #жақсыәдет #әдет
5.0K views12:36
Ашу / Түсініктеме
2020-08-16 08:46:39 Өлім жайлы аз ойланамыз-ау біздер деген. Күні кеше бір жағдай жүрегімді ауыртты. Инстаграмда бір оқырманым бар еді. Аракідік сөйлесіп қалатынбыз. Кейін кітаптарымызды алды. Тіпті уатсапта да сөйлескенбіз. Енді бірер күн бұрын сол кісінің уатсабынан "А... қа уақыт болды. Жаназа намазы ертең 11.00-де" деген хат кеп тұр.

Жан дүнием алай-дүлей боп кетті. Талай өлім туралы естіп жүрміз ғой. Бұл жерде әсер еткені "уақыт болды" дегкен сөз сияқты. Бәріміздің де бір күні уақытымыз бітеді...

Ех! Қандай ауыр еді... Бастысы Алланың алдында жүзіміз жарық болғай!
4.6K views05:46
Ашу / Түсініктеме
2020-08-13 11:22:28 Телграм каналымды қолға алам деп жиі ойлаймын. Бірақ қалып қоя береді Қазір енді үзік ойларымды жазатын жер етсем деп тұрмын.
4.6K views08:22
Ашу / Түсініктеме
2020-06-05 08:41:25 Көптен бері каналыма видео шықпай қалып еді Жаңа ғана жаңартып қойдым

6.9K views05:41
Ашу / Түсініктеме
2020-05-24 03:37:33 Айт мерекесі құтты болсын!

Келесі Рамазанға төрт көзіміз түгел, аман-есен жетуді жазсын!
7.3K views00:37
Ашу / Түсініктеме
2020-05-21 10:05:54 Оразаның бітуіне санаулы күндер қалды...

6.9K views07:05
Ашу / Түсініктеме