Get Mystery Box with random crypto!

'Намазды қалай қаза етпеуге болады? Құлшылыққа ықыласты қалай | Marfuga Shapian

"Намазды қалай қаза етпеуге болады? Құлшылыққа ықыласты қалай арттыруға болады?" деп үнемі сұрайсыздар. Соңғы кезде өзім орындауға тырысып жүрген 2 лайфхакпен бөлісейін.

Ең алдымен дұға. Яғни таң намазын оқып біткен соң Алладан "Бесін намазын оқуға ықыласымның артуын, қаза етпеуімді" сұраймын. Бесін намазында келесі намаз - екінтінің сәтті өтелуін тілейміг. Көп емес, тек келесі намазды ғана көздеймін. Солай бір намаз бір намазға жалғасуда.

Келесі бір істеуге тырысып жүрген амалым - Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті. Алла елшісі намаз уақыты кіргенде қандай іспен айналысып жатса да, оны тоқтатып, бірден мешітті бетке алады екен. Не істеп жатса да! Мен де осыны жасауға тырысып жүрмін. Намаз уақыты кірген соң көп ұзатпай намазды оқып алуды. Үнемі қолымнан келе бермейді. Бірақ барынша тырысып жүрмін. Өйткені намаз оқымасаң, оқығанша "оқу керек еді" деген ойдың өзі біраз энергияңды құртады.

Намазға немқұрайлы боп жүрген достарым, осы екі әдісті қолданып көріңіздерші. Мүмкін кәделеріңізге жарап қалар