Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 68

2021-08-04 07:00:02 Адам шын жақсы көрген адамының көп кемшіліктерін, мінезінің кілтипандарын аңғармайды ғой.

Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"

@kitapuzindisi
1.3K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 07:00:02 Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы, адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Айнала таулар да, үйлерде де, қойтастар да, жылқылар да бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі "айналайыннан" басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін...
Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.

Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"

@kitapuzindisi
5.5K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 12:38:08 – Жаны мұңға жақын адам өмірден мән табу үшін не істеуі керек? – деп сұрадым.
– Он екі мүшесі сау адамдардың өмірді сүймеуге еш қақысы жоқ! – деді ол қабағын түйіп.
– Көктем болса да – көктемнің исін сезбейтін, жаз болса да – жадырамайтын, қыс болса да – қардың ақтығын көрмейтін, күз болса да – күздің сұлулығын жүрек көзінен өткізе алмайтын қаншама жүрегі соқыр адам бар. Олардың тәні – cау, бірақ жаны – мүгедек, – дедім жылағым келіп.

Аягүл Мантай "Соқыр сана"

@kitapuzindisi
438 views09:38
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 07:00:10 Еркек дегендердің көзге көрінбейтін екі, көзге көрінетін үш қасиеті болады... Көзге көрінетін үш қасиеті: бетіндегі айбаты, қолындағы қайраты, қалтасындағы дәулеті. Көзге көрінбейтін қасиеттерінен қателессеңдер оқасы жоқ, бірақ көрініп тұратын қасиеттерінен қате жібермеңдер. Әйел пақырдың бағы жанбайын десе, сөйтіп қара басады.

Әбіш Кекілбаев "Шеткері үй"

@kitapuzindisi
828 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 19:57:58 Дүниеде еркектің жынын қоздыратын әйелдің тік қарағаны-ақ қой.

Тынымбай Нұрмағамбетов "Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс"

@kitapuzindisi
578 views16:57
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 19:57:54 Сұлулар өтсе жанымнан, сүзіліп тұрып қараймын.
Әдемі қызды көргенде, ақылды қызды аяймын!

Жұмекен Нәжімеденов "Дала дидары"

@kitapuzindisi
597 views16:57
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 07:00:11 Абай айтқан:
«Естiген нəрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар:
əуелi – көкiрегi байлаулы берiк болмақ керек;
екiншi – сол нəрсенi естiгенде я көргенде ғибрəтлану керек, көңiлденiп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшiншi – сол нəрсенi iшiнен бiрнеше уақыт қайтарып ойланып, көңiлге бекiту керек;
төртiншi – ой кеселдi нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.
Ой кеселдерi: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкiшiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе – күллi ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нəрселер», – деген талаптардың бəрінің үдесінен шыққысы кеп жүрген Азамат.

Мырзагелді Кемел "Бітігші"

@kitapuzindisi
1.2K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-08-01 07:00:11 Танысқанымызға бір-екі ай өткен шамада Сәулеге өз ойымды ашық білдірдім:
— Тағдырымыз бір, тәрбиеміз ортақ. Сен пәленсің, мен түгенмін дейтін емес... Бұл күнде қадірі қашып, тозығы жеткен «сүйемін! дейтін бір жаттанды сөз бар. Мен соны қайталағым келмейді. Ал сені ұнатып қалғаным анық. Егер лайық көрсең, мен өз үйімнің отын саған жаққызсам деген ойым бар! — дедім.
Қыз үнсіз тыңдап тұр.
– Мені бүгінгі күнмен емес, болашақпен өлше. Бүгінгі жалаңаяқ студент ертең үлкен жазушы болады. Өмір жетсе, классик болуы да ғажап емес... Қалай болған күнде де, бір әйелді бақытты етуге шамам келеді. Осыған сен де, етегімнен ұста! — дедім.
Сәуле қарсы емес. Бірақ көңілінде күдік бар екен.

Қабдеш Жұмаділов "Таңғажайып дүние"

@kitapuzindisi
829 viewsedited  04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 07:00:08 Біз мүлде әсер етпейтін нәрселерге уақытымызды жұмсауға құмармыз: жаңа заң шықса, қолданысқа
жарамайды ғой деп сын айтамыз, әліпби өзгерсе, басымызды ауыртып әліпби ойлап табамыз. Сен әсер ете алмайтын нәрсеге бекер күш жұмсап, әуре болудың қажеті жоқ, өйткені нәтижесін бәрібір өзгерте алмайсың.

Қуаныш Шонбай ”Екінші болма”

@kitapuzindisi
797 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 07:00:01 — Уақыт, көп болса, сенің бетіңді әжімдеген шығар, ал жүрекке әжім түспейді, — дедім.

Шерхан Мұртаза "Жүрекке әжім түспейді"

@kitapuzindisi
828 views04:00
Ашу / Түсініктеме