Get Mystery Box with random crypto!

Президент Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемле | Инсайттар

Президент Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың І отырысында Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсыратынын айтты.

Тоқаевтың айтуынша, азаматтардың Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртқаны жеткіліксіз. Өңірде қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек.

"Мен Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруға тиіс. Сол арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанын көрсетеміз. Тамыры терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз", — деді мемлекет басшысы.

Фото: ruh.kz

@janaarna