Get Mystery Box with random crypto!

IT bilim

Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim I
Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim
Арна мекенжайы: @it_bilimkz
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.94K
Арнадан сипаттама

Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал
✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру
👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 10

2022-04-05 06:14:18
Соңғы уақытта IT мамандықтары туралы көптеген жаңалықтарды еститін болғанбыз.
Алайда, IT тек әзірлеушілерден ғана емес, дизайнерлерден, талдаушылардан, продакт менеджерінен де тұратынын ұмытпауымыз қажет.

Біздің отандасымыз, Азамат Бақтыбаев, Артемий Лебедев студиясында бірнеше IT өнімдерін басқарып, Мәскеуде тұрып жатыр.

Телеграмм арнасында ол әртүрлі сайттар мен қосымшаларды жиі талдайды, онда түрлі өнімдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы айтады. Сонымен қатар Мәскеудегі лайфстайл өмірі туралы бөліседі.

Жазылыңыз, отандасымызды Қолдайық!

https://t.me/azazadealy
1.9K views03:14
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 16:17:44

1.4K views13:17
Ашу / Түсініктеме
2022-03-30 10:10:16
Барлықтарыңызға сәлем!

Бұйыртса, осы апта соңында, яғни сәуір 2-не (сенбі) информатикадан ҰБТ-ға дайындық курсын бастаймыз.

Сабағымыздың басталуы да дәл Рамазан айымен тұспа тұс келеді екен. Соған сәйкес, сіз бен біздің ауызашар уақытына сай келіп, қатты жанасып кетпейтіндей қойып жатырмын, яғни әр сенбі кешкі сағат 18:00 (Алматы уақытымен),
17:00 (Батыс уақытымен) YouTube платформасында “Үздік Білім” арнасында Live арқылы 1-сағат көлемінде болады.

Сабақтар тегін, барлығына ашық, әрі сақтаулы тұрады. Кез-келген уақытта ашып көре аласыздар.

PS. Биылдан бастан информатика ҰБТ-ға енді еніп жатқандықтан, әлі нақты бір сұрақтар базасы не материалдар жоқ. Дегенмен, негізгі келу керек сұрақтар мектеп бағдарламасынан болады. Сол үшін жалпы информатика дегеннен бастаймыз.

YouTube: youtube.com/c/uzdik
Telegram: t.me/Uzdik_BILIM
1.8K views07:10
Ашу / Түсініктеме
2022-03-25 07:28:13 35 жастан кейін ІТ-ды өз бетінше оқып iOS developer атанған Нұрлан Ақылбеков

«IT саласы елімізде ғана емес, бүкіл әлем бойынша өте қарқынды дамып жатыр. Маған неге осы әлемнің бір бөлшегі болмасқа?» - деген ойдан бәрі басталды.

Сұқбатқа сілтеме

@it_bilimkz
@it_bilim_code
1.9K viewsedited  04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-03-13 16:28:11 Жеке жаңалығым болсын!

Кешегі сауалнама нәтижесіне қарап, менен кішігірім көмек болсын деп, жаңа талапкерлер үшін информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындық курсын тегін ұйымдастырып, оны ашық түрде жасауға бел будым.

Информатика пәні ең алғаш рет болғандықтан дәл қандай болатыны, қандай сұрақтар боларын нақты ешкім айта қоймас, бірақ дегенмен мектеп бағдарламасынан келетіні анық.

Ал мен осы уақытқа дейін екі баспа оқулықтарына түсіндірме сабақтар жасап жүргендіктен (Алматыкітап пен Арман ПВ), шамамен не жайында, қандай сұрақтар мен тақырыптар қамтылуы тиіс екенін білемін, оған қоса, жалпы қалай дайындалған дұрыс болар деген ойлармен де бөлісетін боламын.

Және әр сабақтың қаншалықты түсінгенін білу үшін арнайы сұрақтармен пысықтап, толықтырып отырамын.

Қосымша айтарым, бұл сабақтар тек ҰБТ тапсырушылар үшін ғана емес, бүкіл сынып оқушылары мен пән мұғалімдерге пайдалы құрал болар деп ойлаймын. Себебі біз сабақ өткенде оны жақсы түсіну үшін, оның неге қолданатынымызды жақсы түсіндіретін болсақ, оны оңай әрі жетік білетін болады.

Ал егер тек тест сұрақтармен ғана дайындасақ, меніңше дұрыс болмас, себебі негізгі фундаменталді білім болмай, оны түсінбей жай жаттау, жай ғана уақытты құрту деп білемін.

Ал мына курс информатика фундаменталді білімнен бастап түсіндіруді мақсат еттім. Әрине өз ана тілімізде, жалпақ тілмен қарапайым түсіндіруге тырысамын.

Сонымен, “Сәуір болмай, тәуір болмас” демекші, ең алғашқы 1-ші сабақты сәуірдің 1-не Үздік Білім YouTube арнасында Live арқылы болады, және әр сенбі күні 1-айдай ұйымдастырып көремін.

PS. Әзірше тек сәуір айында ғана деп жоспарладым, яғни толық 5-сабақ болады.

PSS. Алдығы уақытта тағы толық ақпарат болады, қай уақытта, қандай тақырыптары жайында айтылатын пост болады. Арнамыздан күтіңіздер.

Youtube.com/uzdik
2.1K views13:28
Ашу / Түсініктеме
2022-03-13 12:57:11 Apple-дағы қазақ қыз: IT-да қыздар аз болғандықтан басында қобалжыдым.

Отбасындағы жалғыз қыз “жұмысқа тұрғанымда тек мен ғана емес, ата-анам мен ата-апам, айналамдағы достарым, маған сабақ берген ұстаздарымның бәрі қуанды” дейді.

Сұқбатқа сілтеме

@it_bilimkz
@it_bilim_code
2.0K views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-03-11 08:50:18 Қайтадан бұғат

Өткен күзде әлеуметтік желіні бұғаттау туралы әңгіме жүргенде үлкен шу шығып ол заң қабылданбаған еді. Қазір соғыс, санкция дауын пайдаланып под шумок бұл заңды мәжіліс қабылдап жіберіпті. Енді сенат пен Президент мақұлдаса болды, көрген күніміз Ресей мен Солтүстік Корея сияқты болмақ.

Сол үшін біраз азамат шырылдап дабыл қағып жатыр. Шетте қалмай әлеуметтік желіде болса да қарсы екенімізді көрсетейік.

Біз саясат, Ресей, Apple, санкция деп жүргенде өз билігіміз өзімізге санкция жариялап жүрмесін.

Дым болмағанда мына инстаграм постты өз сториіңізде бөліскеніңіз де еңбек.

https://www.instagram.com/p/Ca61fUfOPNw/
1.7K views05:50
Ашу / Түсініктеме