Get Mystery Box with random crypto!

IT bilim

Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim I
Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim
Арна мекенжайы: @it_bilimkz
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.94K
Арнадан сипаттама

Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал
✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру
👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 8

2022-06-16 10:05:28 #вакансия

Project Manager (Assistant)

Талап:
ағылшын тілінде жақсы сөйлеу
жақсы коммуникация
ізденімпаздық, интернеттен өзіне керек ақпаратты іздеп таба алу
жауапкершілік (әрбір ісін аяғына шейін апаруы тиіс)

Не істейді?
шетелдік заказчиктармен сөйлеседі. Тапсырыстарды қабылдайды.
жасалынып жатқан жобаға қатысады.

Қанша алады?

Айлық+%

Басы әдеттегідей стажировкамен басталады.
Өзіміз қайдан не іздеу керек екенін, кіммен қалай сөйлесу керегін шамалап көрсетіп қоямыз.
Тәжірибе үшін басталып, айлыққа ауысады жақсы өтсе.
Орын санына шектеу жоқ.

Бағыңызды сынап көріңіз @karnurmax
833 views07:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 09:34:58
Айфон смартфонында қазақ тілі енгізіледі

Жаңа iOS 16-ға қазақ тілі енгізіледі. Енді смартфоныңыздың жүйесін қазақ тіліне өзгертіп қолдана аласыз.

New system languages include Bulgarian and Kazakh. Autocorrect supports three new languages: English (New Zealand), English (South Africa), and Kazakh.

Дереккөз:
ZTB
https://www.apple.com/ios/ios-16-preview/features/
611 views06:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 19:35:29
Google офисінен бірнеше суреттер
455 views16:35
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 19:28:17 IT Bilim Webinar "IT-да қалай даму керек" Google қызметкері Аталықпен болатын вебинарға қосылыңыздар. Сілтеме: https://meet.google.com/crq-crqq-yut
861 viewsedited  16:28
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 17:30:56 IT Bilim Webinar

"IT-да қалай даму керек"

Google қызметкері Аталықпен болатын вебинарға қосылыңыздар.

Сілтеме: https://meet.google.com/crq-crqq-yut
595 views14:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 19:14:19
Google-да бағдарламашы, "Dynamic Programming Patterns" атты мақаласы LeetCode-тың 2019 жылғы үздік мақаласы атанған, Leetcode гуру, "Dynamic Programming Guide" кітабының авторы Аталықтың IT туралы айтары бар.

IT-да қалай даму керек туралы онлайн кездесу ұйымдастырып, білгенімен бөліспекші.

Уақыты: 03.06.2022 (жұма күні), сағат 20:30, Астана уақыты.
Өтетін орны: сілтемені ертең @it_bilimkz арнасында жариялаймыз.
2.4K viewsedited  16:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 09:54:08 Junior iOS-әзірлеушілерге арналған Kolesa Academy ақылы тағылымдамасына қабылдау ашылды!

2 ай ішінде тағылымгерлер Қазақстан мен Өзбекстандағы 12,5 миллион адам пайдаланатын өнімдердің нақты, жүзеге асатын тапсырмаларымен жұмыс істейтін болады.

Қашан:
• Академияның басталуы — 13 маусым;
• Қатысуға берілген өтінімдерді қабылдау — 5 маусымға дейін.

Шарттары:
• 2 апта оқу + 2 ай ақылы тағылымдама – айына 150 000 теңге;
• формат — офлайн, Алматыдағы Kolesa Group кеңсеcінде;
• кесте 5/2, 9:00 — 18:00;
• тағылымдамадан өту кезеңінде сізге жеке ноутбук қажет;
• егер сіз басқа қаладан болсаңыз, пәтер ақысын төлейміз;
• үздіктерге — offer және мықты #kolesateam командасында жұмыс.

Тағылымгерлерді алып жүретін, оларға көмектесетін менторлар болады — мобилді әзірлеу саласындағы сарапшылар.

P.S. Тағылымдама орыс тілінде болады. Бірақ компанияда қазақша сөйлейтін әзірлеушілер, мамандар көп. Сондықтан сіз Kolesa Group-та өзіңізді бөтен болып сезінбейсіз де, бөтен болмайсыз да.

Осы сілтеме арқылы қатысу шарттарымен танысып, өтінім беруге болады.
241 views06:54
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 19:43:35 Хабарландыру:

“ІТ маман болу үшін неден бастау керек?” сұрақ көп қойылады. Кейбір адамға жауап берудің сәті түседі. Кейбір адамдардың сұрағы жауапсыз қалса, көбінің сұрағы ашылмай да жатады.

Сондықтан, әрқайсыңызға жеке-жеке және қысқа-қысқа әрі жартылай жауап бергенше, толыққанды курс қылып өткізе салуды ұйғардым.

Сонымен, “ІТ әлеміне жолсерік” атты курсым келесі апта, 4маусым, сенбі күні кешке 21:00-де басталады.

Тікелей эфирде:

ІТ саласы, бағыттары, маңызы, неден бастау керек, қай жағын таңдаған дұрыс, қазір сұраныстағы қабілеттер, кім, не, қалай, қашан, қайда деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап алатын боласыз.

Сондай-ақ, сіздің жаныңызға қайсысы жақын, қайсысын таңдау керек деген кәсіби бағдар бойынша да сұрағыңызға практикалық тұрғыда жауап аласыз.

Кімдерге арналған?

Әрине, түлектерге, абитуриенттерге

Сосын мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына

Және мамандық ауыстырғысы кеп жүргендер мен бұрын универ бітіріп, енді қайтадан білімін жаңартқысы кеп жүргендерге.

Сабақ 6 күн (одан да көп болуы мүмкін, контентті азайта алмай жатырмын), әр сабақ 1-1,5 сағатқа созылады. Zoom арқылы тікелей эфирде өтеді. Одан әрі толығырақ ақпарат, курстың ақшасын төлеп, қатарға қосылған соң, ары қарай айтыла жатады.

Курстың бағасы: 30.000 теңге.
Kaspi gold 4400430146413866 Тимур Бектұр

1-ші сабақтан кейін контент ұнамай, пайдасы жоқ деп тапсаңыз, ақшаңызды 100% кері қайтарып береміз.

Чекті мына нөмірге жібересіз: +7 778 643 5780 немесе маған дайректке жіберсеңіз же болады.

Менің уақыт айырмашылығым - 10 сағат. Сондықтан, квитанция жіберіп қойсаңыз болғаны, жауапты міндетті түрде асықпай аласыз.
250 views16:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 16:14:21 Product- және project-менеджерлер, қазақстандық IT-менеджерлердің Зерттеуіне барлығымыз атсалысайық!

Не үшін?

Осы 15-минуттық сауалнаманың арқасында сіздерде мынадай заттарға көздеріңіз ашылады:
• IT және Digital салаларының нарығы және менеджерлердің жалақылары қалай өзгерді?
• 2022 жылы қандай дағдылар мен білімдерге сұраныс көп болады?
• Қандай курстарды өттіңіз және қандай инсайттарды біліп алдыңыз?

Сондай-ақ жаңа деректерді 2021 жылдың нәтижелерімен салыстыруға болады. Зерттеу нәтижелері екі айдан кейін дайын болады, олармен біз барлықтармен тегін бөлісеміз.

Сауалнамаға өзіңіз қатысып, достарыңызбен бөлісіңіз!

https://form.typeform.com/to/W8mvmBLl
312 views13:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 09:33:58 Жалпы ақпарат үшін!

Шілде-тамыз айларында олимпиада дайындығын жалғастырушылар үшін алгоритмдер деген курс болады!

Ол курсқа қатысуға тек информатика олимпиада есептер шығарудан кішігірім болсын опыты бар, кем дегенде 50 шақты асмп платформасында есебі барлар (ал Үздіктер жобасының қатысушылар үшін 150 есеп шығарғандар) ғана қатыстырылады.

Яғни код жаза алатын, қарапайым есептерді шығара алатын, бірақ қай есепте, қандай алгоритмдерді қолдану керектігінен білмейтіндер үшін болмақ.

Егер курсқа қатысуға шынымен ниет етсеңіздер, онда маусым айын (яғни 1-айдай уақыттырыңызды) өткізіп алмай есеп шығара жүріңіздер!

Курс ұйымдастырушылар:
Ерғали ағай мен Едіге ағай.
94 views06:33
Ашу / Түсініктеме