Get Mystery Box with random crypto!

IT bilim

Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim I
Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim
Арна мекенжайы: @it_bilimkz
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.94K
Арнадан сипаттама

Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал
✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру
👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 7

2022-06-24 11:01:06 Live stream scheduled for Jun 26 at 14:00
08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 07:01:18
Қазақша IT контентті дамытуға үлес қосқыңыз келіп, бірақ неден бастауды білмей жүрсеңіз, онда бұл вебинар сіз үшін!

"Үздік Білім" ютуб арнасының жетекшісі Ерғали мырза өзінің тәжірибесімен бөліседі. Ютуб арна бойынша пайдалы кеңестерімен қатар сәтті шыққан жобалары жайлы айтады. Вебинар соңында көкейіңізде жүрген сұрақтарды қоя аласыз.

Бұл вебинардың пайдасы тиер деген жақындарыңызбен бөлісіп қойыңыз!

Егер вебинарға қатыса алмасаңыз, кейін видеожазбаны "IT Bilim" ютуб арнасынан көре аласыз.

@it_bilimkz
@uzdik_bilim
625 views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 07:48:55 Менен кішігірім ой бөлісу болсын))

Кеше өзіміздің IT министрі бастаған әлем IT-щниктермен бейресми отырысы болған еді.

Енді ондағы аудитория “ой-йой-йой” белді ИТ тұлғалар жиналып қалды.

Көбі Google, Facebook, Amazon сынды ірі ИТ гигантта жұмыс істеп жатқан 100-ден аса Қазақстан азаматтары қатысты. (Енді, елестете беріңіздер қандай атмосфера болғанын).

Әрине онда не айтылғанын, не талқылағанын ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ ат салысқандардың көбі Қазақстанның ИТ болашағы өте қатты алаңдататынын байқатты.

Тіпті министріміздің де шынымен еті тірі, елімізге жаны ашитынын, “Барды бар, жоқты жоқ” екенін айта алатын ды көрсетті. Ол жағына риза болдым.

Бұл бастаманы жақсыға жорып, бұйыртса елде жақсы жақсы жобалары келетініне сене жүрейік, мәселен қазақша кітаптар, қазақша интернет пайдалы контенттер мен ресурстар, және информатикадан программалау жарыстары көбейе түсер.

Өзімнің бір ойым ретінде әркімнің қолынан келетін нәрсесі болса, елден қашан көмек болар екен деп күтпей, өз жобаларын елге таныта беріңіздер дедік, өз жеке опытымнан осы “Үздік Білім” арнасында айта отырып, қаңтарда бастап, ал ақпанда уже жемістерін көрсеткенін де тоқталып өттім, яғни естеріңізде болса, пән аралық олимпиададан жүлделі орындар алып бөліскен едім))

PS. Еліміз анау, біз мынау демей, әркім өз қолынан келетінін істесе, барлығымыз бірге дамып, көркейеміз!
355 views04:48
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 07:38:49
Немесе тағы сондай бір практикалық тапсырмалары жақсы stepik.org платформасы жақсы.

Ол жерде де түрлі курстар, түрлі тақырыптарды тауып алуға болады. Олар да да мобильдік нұсқалары бар.

Курс соңында сертификат беріледі.

PS. “Үздіктер” жобасының 9-сынып оқушысының сертификаты - @Adilkhanarts
397 views04:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 07:38:48
Барлықтарыңызға сәлем!

Питон курсын тек ютубтан видео көріп қана емес, өз білімдеріңізді практикалық жұмыспен шыңдаңыздар.

sololearn.com платформасында “Питон негіздері” деген 93-сабақтан тұратын курс бар, соны қарап шығуға, тапсырмаларын жасауға кеңес беремін.

Мобильдік қосымшасы да бар, компьютер жоқ демеу үшін)))

Және курс соңында сертификат та беріледі.

PS. “Үздіктер” жобасының 8-сынып оқушының сертификаты - @Qudaiberdi
392 views04:38
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 18:39:06
Веб-әзірлеуге арналған топ фреймворктар жинағы

Тізімге ASP.NET, Django, Ruby on Rails, ExpressJS және де Laravel фреймворктері кірді. Сіздің ойыңызша, тағы қандай фреймворк қосуға болар еді тізімге? Пікір қалдырып кетіңіз)

#web / #backend
———
@kz_tech
@kztech_chat
314 views15:39
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 18:41:27 FinTech Hackathon-ға қатысу үшін командаларды қабылдайтынымызды жариялаймыз

Хакатон - бұл командалар қысқа мерзім ішінде өнеркәсіп пен қызметтерді цифрландыру саласында жаңа жоба әзірлеуі тиісті сайыс түрі. Үздік прототиптерді жасаушылар өз жобаларын дамытуға 500 000, 300 000 және 200 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ серіктестер мен демеушілердің атынан сыйлықтарын алады.

Шақырылған трекерлердің арасында кәсіпкерлер, бизнес иелері және жетекші IT-мамандары болады.

Хакатон қалай өтеді:
Бірінші күні қатысушылар кейсті таңдайды және оны жүзеге асыру үшін үш күн жұмыс істейді.
Күнделікті жоба трекері ағымдағы прогресті бағалау үшін командалармен кездеседі. Сондай-ақ командалар техникалық сарапшылармен бірге өз идеяларын пысықтап, оларға сұрақтар қоя алады.
Соңында командалар финалдық қорғау кезінде өз нәтижелерін ұсынады.

Әр команда ұсынылған жағдайлардың бірі бойынша жоба жасауы керек:
Теңгерімнен СМС-төлем ғана бар қалаларда QR-төлем жасау
Төлем/реверс/қайтарым жүргізу үшін жеке кабинетті құра отырып, WSA-мен интеграция жасау
Чат боттар, веб-порталдар және басқа арналар арқылы карталардың жедел  алдын-ала төленген әдісін жасау қажет.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кірістерін есепке алу, талдау және/немесе болжау сервисін жасау.

Жаңадан бастаушы және тәжірибелі IT-мамандарды, сондай-ақ IT мамандықтарында оқып жүрген студенттерді қатысуға шақырамыз! Өтінімді сипаттамадағы сілтеме арқылы өтіп қалдыруға болады.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
 
Қашан: 24-26 маусым
Өткізілетін орны:
Қарағанды қаласы
"Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
267 viewsedited  15:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 18:41:21
257 views15:41
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 18:40:57 IT bilim pinned a photo
15:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 11:13:48
Көп сұратылған “Алгоритмдер” python курсымызды келесі айдан бастап жоспарлап жатырмыз.

КУРСТЫ ӨТКІЗЕТІН ҰСТАЗДАР:
- Ерғали ағай ("Үздік Білім" каналы)
- Едіге ағай ("IT Білім" каналы)

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Шілде мен Тамыз;
- Аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі, пятница-жұма) зум арқылы кешкі уақытта болады;
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат;
- Жалпы курста 16-18 сабақ болады деп жоспарлануда.

КУРС БАҒАСЫ:
- Айына 20’000 теңге (сонда жалпы 2-ай үшін - 40’000 теңге).

КУРС ПЛАТФОРМАСЫ РЕТІНДЕ:
- Олимпиадалық есептері жинағы бар - acmp.ru сайты қолданылады.
- Әсіресе, оның ішіндегі олимпиада есептеріне арналған платформа курсымен өтеміз:
(Курсы => Решение олимпиадных задач).

АЛҒАШҚЫ 2-САБАҚ - ТЕГІН!!!
- 1-ші сабақ: Шілде 1-не (жұма) кешкі сағат 17-30 (Алматы), 16:30 (батыс) уақытымен ZOOM арқылы болады.

ТІРКЕЛУ ҮШІН: tiny.cc/algo_kurs
593 views08:13
Ашу / Түсініктеме