Get Mystery Box with random crypto!

Қайтадан бұғат Өткен күзде әлеуметтік желіні бұғаттау туралы | IT bilim

Қайтадан бұғат

Өткен күзде әлеуметтік желіні бұғаттау туралы әңгіме жүргенде үлкен шу шығып ол заң қабылданбаған еді. Қазір соғыс, санкция дауын пайдаланып под шумок бұл заңды мәжіліс қабылдап жіберіпті. Енді сенат пен Президент мақұлдаса болды, көрген күніміз Ресей мен Солтүстік Корея сияқты болмақ.

Сол үшін біраз азамат шырылдап дабыл қағып жатыр. Шетте қалмай әлеуметтік желіде болса да қарсы екенімізді көрсетейік.

Біз саясат, Ресей, Apple, санкция деп жүргенде өз билігіміз өзімізге санкция жариялап жүрмесін.

Дым болмағанда мына инстаграм постты өз сториіңізде бөліскеніңіз де еңбек.

https://www.instagram.com/p/Ca61fUfOPNw/