Get Mystery Box with random crypto!

IT bilim

Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim I
Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim
Арна мекенжайы: @it_bilimkz
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.94K
Арнадан сипаттама

Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал
✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру
👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 9

2022-05-23 09:43:00 Анонс!

Алгоритм және деректер құрылымынан білімін арттырғысы келетіндерге, сол бағытта дамитын орта іздегендерге арналады.

Жексенбі (29/05/2022) алғашқы танымдық, оқу-жаттығу кездесуі болады. Кездесуде асимптотик (Big O), array, хешиң, two pointers және sliding window паттерндарын үйренеміз.

Қысқасы:
⁃ Тегін!
⁃ neetcode.io-дағы 150 есептік тізімнен есеп шығарамыз. Басқа жерден де есеп қарастырсақ болады.
⁃ Тақырыптарды білгенімен бөлісгісі келетіндер түсіндіреді. Ескерту: біздің көбіміз кәсіби мұғалім емес, ал жалпы бұның бәрін жақсы ниетпен өз еркімізбен өткізбекпіз.
⁃ Тапсырмаларды өзіміз шығарамыз. Тапсырмаларды орындау барысын өзіңіз қадағалайсыз. Ешкім сіздің артыңыздан жүгірмейді.
⁃ Тапсырмаларды талқылау, талдау кездесу кезінде болады.

Негізгі мақсатымыз, бірге дамып, әр қатысушының теориялық білімін арттыру, үздіксіз есеп шығаруға дағдылау. Солай алдымен өзімізге, сонымен қатар қалғандарына да көмектесеміз. Есеп шығаруды әдетке айналдырсақ бір бірімізге үлкен көмек жасаймыз.

Көмектескіңіз келсе, мархабат! Қалай, немен көмектесе алатыныңызды жекеге жазыңыз. Мысалы, тақырып түсіндіру, жақсы жоспар ұсыну деген сияқты.

Осындай мүмкіндікті іздеп жүрген достарыңыз болса, бөлісіп қойыңыздар!

Сағат: 12:30.
Күні: 29/05, жексенбі.
Тақырып: Асимптота, array, two pointers, sliding window.
Орын: Онлайн, telegram.

Ұйымдастырушылар:
Дәурен - @dCluren
Шерхан - @bertailak
Санжар - @SanzhS
Талқылау чаты: @leetcodekz


t.me/it_bilimkz
724 viewsedited  06:43
Ашу / Түсініктеме
2022-05-17 12:48:54
2022 жылдың сәуір айында Astana Hub Google for Startups (GfS) компаниясымен серіктестік туралы келісімге қол қойып, Орталық Азия аймағындағы бірінші серіктес болды.

Astana Hub GfS бірлесіп Орталық Азиядан (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан), Әзірбайжан мен Моңғолиядан стартаптар үшін акселератордың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Биылғы жылы стартаптар үшін Product/Market Fit кезеңінде екі акселерация ағыны жоспарланған, олардың әрқайсысында Нұр-Сұлтан қаласында офлайн форматта 15-ке дейін стартап қатыса алады.

Өз кезегінде, GfS серіктестік аясында Google сарапшыларының бірегей шеберлік сабақтарына және жеке тәлімгерліктеріне қол жеткізуге, сондай-ақ өз платформасында және әлеуметтік желілерде қызықты кейстерге PR қолдау көрсетуге дайын.

Жаңалықтарды қадағалаңыз! Кешке өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
350 views09:48
Ашу / Түсініктеме
2022-05-07 08:35:16
MAMYR CONTEST 2022-ден қалып қоймаңыз
Информатика каналы Мамыр мерекелеріне орай дәстүрлі MAMYR CONTEST ұйымдастырады. Контестке қатысып өз біліміңізді сынап, қызықты тапсырмаларды шешіңіз. Контест yandex платформасында болады.
https://contest.yandex.ru/contest/37796/enter/

Уақыты: 07.05 20:00 (бүгін кешке)
261 views05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 15:22:50 «Код және Кофе» жаңа маусымы - қазақстандық IT-қоғамдастық туралы подкаст

IT-сала мамандары қонаққа келіп, кофе ішіп және күрделі, техникалық нәрселерді қарапайым, адам тілінде түсіндіретін орын.

Подкаст кез келген IT-мамандар үшін жарайды:

- әзірлеушілер
- project- және product-менеджерлер
- жүйелік әкімшілер
- data-мамандар
- QA-инженерлер
- дизайнерлер
және т.б..

Жаңалықтардан: жаңа жүргізуші – Кристина Абдраимова және жаңа формат – видео!

Қазірдің өзінде 3 эпизод бар:

• Посткарантиндік қатал әлемде әзірлеушілерге soft skills қажет пе?
• 10 жылдан кейін де жұмыс істейтін кодты қалай жазуға болады?
• Стартапты табысты бизнеске 3 жыл ішінде құру.

Подкастты видеоформатта YouTube-та қараңыз.

Аудиоқұмар болсаңыз, мына сілтемелерді ашыңыз:
Яндекс.Музыка
Apple Podcasts

Маңызды: подкаст орыс тілінде жүргізіледі.
375 views12:22
Ашу / Түсініктеме
2022-05-02 06:29:07
MAMYR CONTEST 2022-ден қалып қоймаңыз
Информатика каналы Мамыр мерекелеріне орай дәстүрлі MAMYR CONTEST ұйымдастырады. Контестке қатысып өз біліміңізді сынап, қызықты тапсырмаларды шешіңіз. Контест yandex платформасында болады.
https://contest.yandex.ru/contest/37796/enter/
99 views03:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 12:56:16
Студенттерге!

Data Science бағытында білім беретін Kaspi Lab-қа қабылдау басталды.

Курс бағдарламасында:
• MS Excel-дегі статистикалық функциялар
• SQL, SAS Base негіздері
• Python-да бағдарлама жазу
• Деректерді талдау
• Big Data-ға кіріспе және т.б.

Курс Kaspi.kz-тің нақты кейстерімен оқуға, жетекші талдаушылармен танысып, араласуға мүмкіндік береді.

Курстан және әңгімелесуден сәтті өткендердің барлығын ақылы тағылымдамадан өтуге және әрі қарай Kaspi.kz-ке жұмысқа шақырамыз.

Іріктеу тестілеуден өту үшін мына сайтта тіркелу керек:
https://lab.kaspi.kz/

Топқа қабылдау 6 мамырға дейін жалғасады!

Дәрістер 15 мамырда басталады.

@timurdaninfo
203 views09:56
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 06:38:44
Google-дан Pro сияқты ізде

@it_bilimkz
@it_bilim_code
638 views03:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-15 06:22:54 Барлықтарыңызға сәлем!

Өткен ҰБТ/ЕНТ информатика дайындық курсының екі сабағы да жексенбі күндері болған еді. Мүмкін сол өзгертпей, үйреншікті жексенбі күнімен жалғастыра берейік.

Бұйыртса 3-ші сабағымыз “Логикалық амалдар” жайында болмақ, яғни and, or, not, xor, конъюнкция, дизъюнкция, инверсия, имплекация, эквиваленция, секілді ауырлау терминдерді қозғап, шынайылық кестесін толтыратын боламыз.

3-ші сабақ:
Жексенбі (17/04/2022), кешкі сағат 18:00 (Алматы), 17:00 (Ақтау) “Үздік Білім” YouTube арнасында LIVE арқылы болады.

Telegram: https://t.me/Uzdik_BILIM
YouTube: https://youtube.com/uzdik
991 views03:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 15:50:48 Qazaq grammar

Кеше менің сүйікті тыңдап қарайтын @dopesoz подкасты @QazaqGrammar жобасының жігіттерімен эпизод шығарды. Бұл екі жобаны әрқашан қолдауға тырысамын. Осы жолы @QazaqGrammar туралы айта кетейін.

Бұл қазақ тілінің қазіргі қоғамда дұрыс қолдануын дәріптеп жүрген жоба. Өз басым күніге қазақша сөйлеп жүрсем де, қазақ тілінің толығымен заман талабымен дамып жатқанын байқамаймын. Подкастта мына ой жақсы айтылды: мектепте қазақ тілі көбіне өткен дәуірмен байланысты. Ол тарих, әдебиет, ертегі-эпостар, және т.б.

Менің подкастты қазақша жасайтынымның бірден бір себебі осы. Тіл өткенді ғана емес, бүгінгі күн мен болашақты айта білуі керек. Сіз бен біз өзекті айти, кино, блог, инвестиция жайлы қазақша еркін сөйлей алуымыз қажет.

Мен тіпті мына тренді байқадым. Қазақ тілінің жанашырлары көбіне өзге елден көшіп келген қазақтар. Мен жақында Қазақстанда Steppe world баспасына бардым. Бұл баспа қазақ тілінде заманауи балалар әдебиетін шығарады. "Хәрри Поттер"-ды қазақша шығарған адамдар да осы.

Қызығы, баспа негізін қалаушысы Раиса Кадер ханым, Моңғолиядан көшіп келген. Жұмысшылардың ішінде Қытайдан келген қазақтар да бар. Олардың айтуынша, елге келген қандастар ана тілінде кітап таппай, өздері шығара бастаған.

Мен бірде Амстердам кітапханасына болдым. Бұл орталық вокзалдың жанындағы 10 этажды алпауыт ғимарат. Таң қалғаным - шамамен кітапхананың 6 этажы тек голланд тіліндегі кітаптар. Тіпті Абайдың қара сөздері де бар. Соны көріп бізге де осы күн келсе екен деп армандап алдым.

Ал бұл арманды орындау үшін осындай жанашыр жобаларды қолдайық.
1.1K views12:50
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 16:11:37 Белгілі қазақстандық кинорежиссер Қанат Бейсекеев еліміздегі стартаптардың, IT-компаниялардың экожүйесін қалыптастыру мен дамытуға, акселерация әлемі мен инвестицияға арналған деректі фильмін ұсынады.

Деректі фильмнің толық нұсқасы сілтемеде
1.3K viewsedited  13:11
Ашу / Түсініктеме