Get Mystery Box with random crypto!

Барлықтарыңызға сәлем! Бұйыртса, осы апта соңында, яғни сәуір | IT bilim

Барлықтарыңызға сәлем!

Бұйыртса, осы апта соңында, яғни сәуір 2-не (сенбі) информатикадан ҰБТ-ға дайындық курсын бастаймыз.

Сабағымыздың басталуы да дәл Рамазан айымен тұспа тұс келеді екен. Соған сәйкес, сіз бен біздің ауызашар уақытына сай келіп, қатты жанасып кетпейтіндей қойып жатырмын, яғни әр сенбі кешкі сағат 18:00 (Алматы уақытымен),
17:00 (Батыс уақытымен) YouTube платформасында “Үздік Білім” арнасында Live арқылы 1-сағат көлемінде болады.

Сабақтар тегін, барлығына ашық, әрі сақтаулы тұрады. Кез-келген уақытта ашып көре аласыздар.

PS. Биылдан бастан информатика ҰБТ-ға енді еніп жатқандықтан, әлі нақты бір сұрақтар базасы не материалдар жоқ. Дегенмен, негізгі келу керек сұрақтар мектеп бағдарламасынан болады. Сол үшін жалпы информатика дегеннен бастаймыз.

YouTube: youtube.com/c/uzdik
Telegram: t.me/Uzdik_BILIM