Get Mystery Box with random crypto!

Жеке жаңалығым болсын! Кешегі сауалнама нәтижесіне қарап, мен | IT bilim

Жеке жаңалығым болсын!

Кешегі сауалнама нәтижесіне қарап, менен кішігірім көмек болсын деп, жаңа талапкерлер үшін информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындық курсын тегін ұйымдастырып, оны ашық түрде жасауға бел будым.

Информатика пәні ең алғаш рет болғандықтан дәл қандай болатыны, қандай сұрақтар боларын нақты ешкім айта қоймас, бірақ дегенмен мектеп бағдарламасынан келетіні анық.

Ал мен осы уақытқа дейін екі баспа оқулықтарына түсіндірме сабақтар жасап жүргендіктен (Алматыкітап пен Арман ПВ), шамамен не жайында, қандай сұрақтар мен тақырыптар қамтылуы тиіс екенін білемін, оған қоса, жалпы қалай дайындалған дұрыс болар деген ойлармен де бөлісетін боламын.

Және әр сабақтың қаншалықты түсінгенін білу үшін арнайы сұрақтармен пысықтап, толықтырып отырамын.

Қосымша айтарым, бұл сабақтар тек ҰБТ тапсырушылар үшін ғана емес, бүкіл сынып оқушылары мен пән мұғалімдерге пайдалы құрал болар деп ойлаймын. Себебі біз сабақ өткенде оны жақсы түсіну үшін, оның неге қолданатынымызды жақсы түсіндіретін болсақ, оны оңай әрі жетік білетін болады.

Ал егер тек тест сұрақтармен ғана дайындасақ, меніңше дұрыс болмас, себебі негізгі фундаменталді білім болмай, оны түсінбей жай жаттау, жай ғана уақытты құрту деп білемін.

Ал мына курс информатика фундаменталді білімнен бастап түсіндіруді мақсат еттім. Әрине өз ана тілімізде, жалпақ тілмен қарапайым түсіндіруге тырысамын.

Сонымен, “Сәуір болмай, тәуір болмас” демекші, ең алғашқы 1-ші сабақты сәуірдің 1-не Үздік Білім YouTube арнасында Live арқылы болады, және әр сенбі күні 1-айдай ұйымдастырып көремін.

PS. Әзірше тек сәуір айында ғана деп жоспарладым, яғни толық 5-сабақ болады.

PSS. Алдығы уақытта тағы толық ақпарат болады, қай уақытта, қандай тақырыптары жайында айтылатын пост болады. Арнамыздан күтіңіздер.

Youtube.com/uzdik