Get Mystery Box with random crypto!

IT bilim

Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim I
Telegram арнасының логотипі it_bilimkz — IT bilim
Арна мекенжайы: @it_bilimkz
Санаттар: Технологиялар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.94K
Арнадан сипаттама

Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал
✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру
👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2022-08-19 15:59:00
Бүгінгі контестте 4 есеп, ал оған берілетін уақыт 2 сағат. Ал мынау есеп тақырыптары. Қызықты болады деп сенеміз.
Онда сәттіліктер!
1.1K viewsYedige, 12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 14:24:21 Бүгінде контест болады деп хабарлауды ұмытып кеттіппіз, бақыттан басымыз айналып))

Сонымен, бізде IOI форматында 6-шы қазақша контестіміз Алматы уақытымен сағат 19:00-де Кодфорсес платформасында болады.

Тіркеліп қатысу сілтемесі:
https://codeforces.com/contestInvitation/47b7e72968930a2c66a5b010c51c07c1270b55f7

Рейтингті қарау сілтемесі:
https://codeforces.com/spectator/ranklist/cb1c5546f0d9024d6d799322b02afa9c

PS. Бұл жолы да контестті жеңілдеу жасадық.
906 viewsYergali, 11:24
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 15:58:16 "Алгоритмдердің түрлері және олардың артықшылықтары" туралы митап.



1.7K viewsМұқаммедәли, edited  12:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 12:48:13
Бізді Алматыда өте жақсы күтіп алды
891 viewsYedige, 09:48
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 17:33:05
Алгоритмдерді білу бағдарламашыға тиімділігін арттыруға, аналитикалық қабілеттерін дамытуға және жұмысқа орналасуда тех сұқбатты сәтті өтуге көмектеседі.

Алгоритмдердің түрлері және олардың артықшылықтары туралы ІТ Bilim бағдарламалау мектебінің менторы Едіге Радолда митапта айтатын болады.

Күні және уақыты: 18 тамыз, 19:00
Кім үшін: студенттерге, әзірлеушілерге, информатика мұғалімдеріне, оқушыларға
Форматы: онлайн және офлайн
Мекенжайымыз: Қарағанды қ., Алалыкин көш., 12 үй

Митапқа сілтеме арқылы өтіп, тіркеле аласыз

@it_bilimkz
instagram.com/it_bilim.kz
youtube.com/ITBilim
2.2K viewsМұқаммедәли, edited  14:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 09:17:46
Бүгінгі күндегі Codeforces платформасындағы Қазақстанның ішкі үлесі қандай дегенге кішігірім анализ жасаған едім.

Сонда 3-тен 1 бөлігін тек жаңадан келгендер құраса, 4-тен 1 бөлігін шәкірттер екен.

Жалпы 5% мастер мен оданда жоғары деңгейлерді құрайды екен.

Бір қызығы мүлдем ресми рейтингтік жарыстарға қатыспағандар да көп екен, яғни Қазақстан деп көрсеткеннің әрбір 7-сі көрермен деген статусқа ие.

PS. Жалпы сіздерді жиі қатысуға шақырамын!
715 viewsYedige, 06:17
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 17:01:11 Мәә мына жаңалық енді ТОП екен!!!
Осылай мақтану керек!!

https://dalanews.kz/bilim/80400-aqtaudagy-bilbordtarga-khalyqaralyq?fbclid=IwAR2ndqe5Hd7n-83CpnryrWJvoCkdGbg1IyemwtdZbU-lzmLqEqAFMurn7To
1.1K viewsYedige, 14:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 07:56:12 Қазақстан құрамасы Информатика пәні бойынша дүниежүзілік олимпиададан (IOI) екі күміс және екі қола жүлдеге ие болды.
Оқушылар мен олардың тәлімгерлерін шын жүректен құттықтаймыз

Толығырақ
https://stats.ioinformatics.org/results/2022

@it_bilimkz
instagram.com/it_bilim.kz
youtube.com/ITBilim
1.6K viewsYedige, edited  04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 09:38:37 Біз олимпиадалық бағдарламалау бойынша алты күндік камп өткіземіз!

Камп ұйымдастырушылары: республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері: Рамазан Пердебай мен Әділ Сұлтанов.
Ұйымдастырушылардың атымен тұрған сілтеме арқылы олардың кодфорс аккаунтын көре аласыз.

Бұл камп арқылы алдағы оқу жылында болатын олимпиадаларға дайындаласыз, біліміңізді нығайтасыз.

Бұл камп арқылы алдағы интервьюда келетін есептерді шығаратын қабілетіңізді арттырасыз.

Кампаға қатысу үшін форманы толтырып, Алматы уақытымен 13-ші тамыз күні сағат 13:00-де өтетін іріктеу сайысынан (форманы толтырғаннан кейін контест сілтемесі беріледі) өту керек.

Басталу күні: 14 тамыз.
Бағасы: 24 900 тг


P.S.
24 900 тг/ 6 күн = 4 150 тг
Әр күні 4 150 тг-ге халықаралық олимпиада жеңімпаздарынан дәріс (лекция) аласыз + менторлар ұйымдастыратын жабық контестке қатысасыз + контест талқылауы мен қайта шығару мүмкіндіктері де қарастырылған.
Еліміздің болашағы, жас менторларды қолдап 1 апталық кампқа бірге қатысайық


Іріктеу контестке тіркелу
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdjgwt6vQgiQLvL3kvQaVAuDD8otNADdjPa8G6iNZo4-_Avew/viewform
1.2K viewsYedige, 06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 07:42:03 Адами ресурс өте құнды, ал оның ішінде әрдайым ізденісте, қозғалыста болған жөн. Біліміңді жетілдіріп, жаңа трендтерді үйреніп, біліп отыру керек.

Қарапайым бір мысал, менің стартап компаниямның басшысы жасы 65-тен асқан зейнеткер. Солай болса да ол  бір жерде қозғалыссыз отырмайды. Әрдайым ізденісті, жаңа нәрсені көріп, біліп жүреді. Соған таң қаласың, біздің елде 50-60-тан асса болды, өздерін үйде отыру керек, қартайып қалған қарт кісі ретінде сезінеді. Ал мұнда өмір енді басталғандай екінші тынысы ашылып, жаңа компания құрып, жаңа бағыттармен жүре бастайды. Сол үшін өзімнің қазақ бауырларыма, замандастарыма айтарым нені қолға алсаңыз да ешқашан кеш емес. Көріңіз, біліңіз, не болмаса жастарға өз білгендеріңізді үйретіңіздер.

Тағы бір айтарым - қай дамыған ел болмасын бір рет болсын сонда болуға тырысыңыз.  Себебі шетелде жүргенде ғана таным көкжиегің артып, көзің ашыла бастайды. Басқа жердегі өмірді көргенде өз еліңмен салыстырмай, сын көзбен қарамай тұра алмайсың.  

Толығырақ https://malim.kz/article/society/koreyada-turatyn-qazaq-munda-eskim-zetiskennen-kelmeidi-18419
1.4K viewsYedige, 04:42
Ашу / Түсініктеме