Get Mystery Box with random crypto!

Нәпсінің азығы харамдар Күнәлар нәпсіні азықтандырады, қуатта | ILIM IZDEN

Нәпсінің азығы харамдар

Күнәлар нәпсіні азықтандырады, қуаттандырады. Қуаттандырылған нәпсі Ислам дініне қарсы шабуылдайды. Нәпсіміз шахуәтына жағымды келетін нәрселерге беріліп кеткен. Бұлардың жақсы-жаманын, пайдалы-зиянын ойламайды. Қалауларының бәрі Ислам дініне қайшы болады. Ислам діні тыйым салған нәрселерді істеу - нәпсіні қуаттандырады.Жаман және зиянды нәрселерді жақсы қылып көрсетіп, жүректі алдайды. Жүрекке осыларды жасатқызып, ләззатарына қол жеткізуге тырысады. Жүректің нәпсіге алданып, жаман мінезді болмауы үшін дініміздің бұйрықтарына мойынсұнып, жүректі қуаттандыру керек және нәпсіні әлсірету керек. Ақылды қуаттандыру - Ислам білімдерін оқып, үйрену арқылы іске асқанындай, жүректің тазаланып, қуаттануы да дінімізге мойынсұну арқылы іске асады. Күнә істейтін адамның жүрегі таза болмайды.
Дененің өмір сүруі, азықтануы бар болғанынай, рухтың да бір өмірі және азығы бар. Рухтың азығы -Аллаһу тағаладан басқа барлық нәрсені ұмытып, Аллаһу тағаланы зікір ету. Оның разылығына қол жеткізу үшін нәпсінің қалауларын істемеу арқылы әлсірету және рухты Оның есімін зікір ету (айту) арқылы қуаттандырудан басқа шара жоқ. Бір адамның басқа біреуге деген махаббаты сол адамды көп еске алуынан аңғарылады. Өйткені адамның сүйіктісін көп ойлауы табиғи жағдай. Басын жоғалтардай қатты ғашық болып қалған адам өзін ұмытып, әр сәтте, барық жағдайда, әрдайым сүйіктісінің есімін айтып жүреді, оны ойынан шығармайды. Мұсылман да  Аллаһ тағланы ұмытпауға тырысуы керек.

@ilimizden