Get Mystery Box with random crypto!

                Сөз тасу Сөз тасу - басқа адамдардың естімеуі | ILIM IZDEN

                Сөз тасу

Сөз тасу - басқа адамдардың естімеуі керек болған сөздерді өзгелерге жеткізу деген сөз. Мысалы, бір жерде (Ахмет керең) деп айтылса, Ахмет керең болса да, болмаса да ол сөзді Ахметке барып айту, сөз тасу болып табылады.Сөз тасу - өте жаман мінез.Қабір азабыны үштен бірі сөз тасу себебінен болады.Басқалардан бізге сөз жеткізген адам, бізден де басқаларға сөз жеткізеді. Сондықтан сөз таситын адамнан сенімді болмау керек.

1)《Адамдардың арасында сөз таситын кісі адал адам емес.»

2) «Ең жаман адам - араларыңда сөз таситын, араларыңды бұзатын және адамдарды бір-бірімен шағыстыратын адам» .

Сөз тасу --тек қана адамның айтқан сөзін басқаға жеткізу емес. Сонымен қатар, адамның естігенде ренжитін ісін айту да сөз тасуға жатады. Тек айтылуы діни тұрғыдан пайдалы болса немесе бір күнә істелуінің алды алынатын болса оны айтудың зияны жоқ.

Бір адам Омар бин Абдулазиз хазреттеріне біреудің сөзін жеткізеді. Сонда хазреті Омар бин Абдулазиз оған: «Абай бол, егер өтірік айтсаң, Құран кәрімде "Бұзық адамдардың сөзіне сенбеңдер” деген аятындағы бұзық адамдар қатарынан боласың, егер дұрыс айтсаң тағы Құран кәрімде “Сөз тасыған адамдардың сөзін тыңдамаңдар!" деп бұйырылғанындай өсекшілер қатарынан боласың деген екен.
@ilimizden