Get Mystery Box with random crypto!

                 Салауат айту “Салат” - дұға деген сөз. Ал “ | ILIM IZDEN

                 Салауат айту

Салат” - дұға деген сөз. Ал “салауат” дегеніміз “салат” сөзінің көпше түрі, дұғалар дегенді білдіреді. Салауат қысқаша: “Аллаһумма салли 'ала Мухаммәд уә 'ала али Мухаммәд "деп айту. Пайғамбарымыздың аты айылғанда “алейһиссалам”, “алейһиссалату уәссәләм” немесе "саллаллаһу алейһи уәсәлләм" деп айтумен де пайғамбарымызға дұға етілген, яғни салауат етілген болады. Құран кәрімде: «Аллаһ және періштелері расулуллаһқа салат етеді. Ей иман келтіргендер! Сендер де шын көңілден беріліп оған салат етіңдер, салауат айтыңдар» деінген. (Ахзаб 56) “ Аллаһтың салат етуі рахметін жаудыруы, періштелердікі дұға етуі, мұсылмандардікі болса оның шапағатын сұрауы деген сөз. Көргеніміздей расулуллаһқа салат, яғни салалат айтуымызды Аллаһу тағала тікелей өзі Құран кәрімде әмір етуде. Сондықтан Расууллаһ алейһиссаламға өмірде бір рет салауат айту парыз. Есімі аталған кезде яғни оқығанда, жазғанда, естігенде ең алғашында  бір рет салауат айту уәжіп, кейінгілерде айту мұстаһаб болады. Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Шапағатыма ең лайықты болғандарың маған ең көп салауат айтатындарың.» (Тирмизи)

«Маған көп салауат айтқан адамның дерттері кетеді, күнәлары жойылады".(Тирмизи)

@ilimizden