Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyquni
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.95K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Кері байланыс үшін: @halyqadmin @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 5

2023-06-13 08:41:47
Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жауапқа тартыла ма?

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр прокуратура орман өрті бойынша тергеуді бастағанын, кінәлі адамдардың бәрі жауапқа тартылатынын айтты.

https://t.me/halyquni
2.9K viewsedited  05:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 06:21:28
Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңге төленеді

Әр балаға тағы 2 миллионнан бөлінеді. Ақша “Қазақстан халқына” қорынан жіберіледі.

Сонымен қатар 40-тан аса қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген.

https://t.me/halyquni
2.5K viewsedited  03:21
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 14:52:34
Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұрады

2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді.

https://t.me/halyquni
2.7K viewsedited  11:52
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 14:16:08 Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың балалары лагерьде демалады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

"Оқиға болған аймақта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күш жұмылдырылып жатыр. Осы күндері министрліктің аумақтық департаменті, Балалардың құқығын қорғау комитетінің және облыстық білім басқармасының өкілдері балалармен жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайды ұйымдастыру тапсырылды", - деді министр.

https://t.me/halyquni
2.7K viewsedited  11:16
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 09:37:25 “Суретке түспек болған”. Бурабайға демалуға барған астаналық көз жұмды

Қайғылы оқиға 11 маусымда болған.

Әйел күйеуі және балаларымен бірге елордадан Бурабай ауданына демалуға барған. Марқұм Бөлектау тауының шолу алаңына көтеріліп бара жатқанда суретке түспек болған. Алайда 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылған.

Полиция адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

https://t.me/halyquni
2.7K viewsedited  06:37
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 08:21:19
Динара Зәкиева Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.

https://t.me/halyquni
2.7K viewsedited  05:21
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 07:59:11
Аружан Саин лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.

https://t.me/halyquni
2.6K viewsedited  04:59
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 06:19:41 Абай облысындағы өрттің түтіні Жетісуға жетті

"Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысындағы алапат орман өрті тіркеліп, оның түтіні өңірге жетті. Себебі, желдің бағыты өзгерген. Осыған байланысты сабырлы болуды, маска тағуды сұраймыз. Тыныс алу ауруы бар адамдарға және қарттарға үйден шықпауға кеңес береміз", – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

https://t.me/halyquni
2.7K viewsedited  03:19
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 21:00:19 Channel photo updated
18:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 10:55:25 Қазақстанда 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

https://t.me/halyquni
2.9K viewsedited  07:55
Ашу / Түсініктеме