Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyquni
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.95K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Кері байланыс үшін: @halyqadmin @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 4

2023-06-14 18:25:37 Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамауға алынды

Ол өз кінәсін мойындады. Сондай-ақ жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады.

https://t.me/halyquni
1.3K viewsedited  15:25
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 16:39:40
Алматы полициясы ТТТ ұсталғаны жайлы ресми ақпарат таратты

Полиция Майлин көшесі бойында 1992 жылы туған азамат мінген (рульде отырған) Lexus автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізуші бағынбаған: агрессия болған, полицияның заңды талаптарына бағынбаған, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болған.

Полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде оның есірткі қолданғаны белгілі болды.

Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылды.

Көлік айып тұрағына қойылды.
699 viewsedited  13:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 13:51:24
Алматы облысында 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекетке қайтарылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, 8 маусымда алған адам өз еркімен мектепті үкіметке қайтарып берген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысында толық күрделі жөндеуден өткен мектеп ғимараты 15 млн теңгеге сатылып кеткенін айтқан болатын. Депутат білім ордасын екі ай ішінде қайтаруды талап етті.

https://t.me/halyquni
1.2K viewsedited  10:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 11:13:55
Қазақстанда 123 орманшы жетіспейді

Еліміздің 14 өңірінде 36 мекемеде орманшы жетіспейді. Оларға ұсынылып отырған жалақы 70 мың теңгеден басталады.

Толық оқу

https://t.me/halyquni
1.5K viewsedited  08:13
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 08:41:21
Экс-министр Юрий Ильинге әлі ешқандай айып тағылған жоқ – Бас прокуратура

https://t.me/halyquni
1.8K viewsedited  05:41
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 08:10:32
Ұлттық қордан балаларға аударылатын ақша: 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады

Жобаға сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын жыл сайын екі мақсатта пайдалану үшін кәмелет жасына толмаған балаларға теңдей бөлу ұсынылады.

2024 жылдан бастап “Ұлттық қор – балаларға” жобасы іске қосылады

https://t.me/halyquni
1.9K viewsedited  05:10
Ашу / Түсініктеме
2023-06-14 07:16:27 Биылдан бастап Қазақстанда Әкелер күні атап өтіледі

Бұл күн маусым айының үшінші жексенбісіне белгіленді. Осыған байланысты “Әкелер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасымен сұқбаттастық.

“Бұрын ата-аналар дейтін болсақ, оның ішіне әкелер де, аналар да кіріп кететін. Енді сөздің шыны керек, әйелдерге Ана деп құрмет көрсететін болсақ, әкелер сол бір атауымен қалады. Қазіргі жағдайда әкелердің балаларымен жұмыс істеуі, олардың тәрбиесіне атсалысуы өте сирек”, – дейді Мақсұтбек Айтмағанбет.

Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

https://t.me/halyquni
1.8K viewsedited  04:16
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 14:58:47
Мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасы бойынша сотқа тартылған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

https://t.me/halyquni
2.2K viewsedited  11:58
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 12:30:27 Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған тракторшының мәйіті табылды

10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың мәйіті өрт ошағынан 50 шақырым жерден табылды.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысындағы алапат өрттен 14 адам қаза тапты. Олардың бәрі орман шаруашылығының қызметкерлері.

https://t.me/halyquni
2.3K viewsedited  09:30
Ашу / Түсініктеме
2023-06-13 09:07:11
Абай облысындағы алапат өртті бірден сөндіруге мүмкіндік болған, бірақ Үкімет мұндай сәтті жіберіп алған. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

https://t.me/halyquni
2.6K viewsedited  06:07
Ашу / Түсініктеме