Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyquni
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.95K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Кері байланыс үшін: @halyqadmin @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 3

2023-06-16 15:04:23
Мәсімов жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды

Апелляциялық сот шешімімен К.Мәсімовке, А.Садықұловқа және Д.Ерғожинге қатысты жазаны өтеу мекемесінің түрі өзгертіледі.

Мәсімов пен оның орынбасары Садықұлов 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылды. ҰҚК бұрынғы басшысының тағы бір орынбасары Ерғожин 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

https://t.me/halyquni
1.4K viewsedited  12:04
Ашу / Түсініктеме
2023-06-16 12:05:08 Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Қалияқпаров жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді.

Ақшаны алғаннан кейін Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

https://t.me/halyquni
832 viewsedited  09:05
Ашу / Түсініктеме
2023-06-16 08:38:55
Арыстанбек Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты

"Мен елдің заңдарын бұзған жоқпын. Тағылған айыпты толық мойындамаймын...

Мен кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқыру дегенге келісе алмаймын. Қазақтың «өлімнен ұят күшті» деген керемет мақалы бар"
, - деді Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзінде.

https://t.me/halyquni
1.6K viewsedited  05:38
Ашу / Түсініктеме
2023-06-16 07:33:57
ШҚО-да жаңа әкім

Бұл лауазымға Ермек Көшербаев тағайындалды.

Көшербаев 2020 жылдан бастап Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болды

Жаңа әкім туралы не белгілі? Мына жерден оқуға болады.

https://t.me/halyquni
1.6K viewsedited  04:33
Ашу / Түсініктеме
2023-06-16 06:07:41
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысы әкімі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Даниал Ахметов өңірді 2014 жылдан бері басқарып келді.

Экс-әкіммен сұқбат бір жыл бұрын түсірілген.

https://t.me/halyquni
1.7K viewsedited  03:07
Ашу / Түсініктеме
2023-06-15 13:20:29
Өрттен қаза тапқандардың отбасына жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды

Әр отбасы 7 млн теңгеден, сондай-ақ қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді. Көмекке асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру де кіреді.

Сонымен қатар қайтыс болғандар мен олардың отбасыларының несиесін кешіру үшін талдау жасалады

https://t.me/halyquni
294 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2023-06-15 12:00:56
ТЖМ тракторшы Архиповты өрттен қаза тапқан 15-ші адамның қатарына қосып отыр

Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев тракторшы Сергей Архипов Абай облысындағы алапат өрттен көз жұмғандардың қатарына жатқызылатынын айтты.

Айта кетейік, Сергей Архиповтың мәйіті Абай облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылында табылған. Ол жүрек талмасынан қайтыс болған. 9 маусымда ол тракторымен Қаштақ ауылына өрт сөндіруге кетіп, байланысқа шықпаған.

https://t.me/halyquni
781 viewsedited  09:00
Ашу / Түсініктеме
2023-06-15 11:24:34
Абай облысындағы алапат өртті толық сөндіру үшін тағы 4-5 күн уақыт керек. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев айтты

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Семей орманындағы өрттің беті қайтқан.

“Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті толық сөндіруге қажет күш пен құралдар бар. Басшылық сонда жүр. Өрттің жалпы аумағы 60 мың гектар болды. Өрт толық өшкен жоқ. Оны тек оқшауладық. Өртті толық өшіруге (тағы) 4-5 күн уақыт керек болуы мүмкін”, - деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысынан соң.

https://t.me/halyquni
957 viewsedited  08:24
Ашу / Түсініктеме
2023-06-15 08:39:56
Бүгін Астанада Құдайберген Айтбаевты ақтық сапарға шығарып салды

13 маусымда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бүгін Астана қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде марқұмның жаназасы шығарылып, оны жақындары мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды.

Жаназа рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Құдайберген Айтбаев 1941 жылы 25 шілде күні Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Орқаш ауылында дүниеге келді. Ауыл шаруашылығы саласында көп жыл қажырлы қызмет етіп, еңбек ардагері атанды.

Құдайберген Айтбайұлы мен Миуа Мүбәракшақызы 55 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ұлағатты ұрпақ өсіріп, дарынды ұл-қыздар тәрбиелеп, ел қадірлейтін өнегелі әулетке айналды. Отбасында Гүлзира, Қанат, Нұргүл есімді 3 перзентін тәрбиелеп өсіріп, сол балаларынан көрген немерелері мен шөберелерінің қуанышына кенелді.

https://t.me/halyquni
1.4K views05:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-15 06:49:17
Грузияға қашқан Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары экстрадицияланды

Ол елде лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланып, 50 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

https://t.me/halyquni
244 viewsedited  03:49
Ашу / Түсініктеме