Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyquni
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.95K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Кері байланыс үшін: @halyqadmin @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 2

2023-07-03 07:05:41
Шымкентте құтқарушылар саусағы темір қақпаққа қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті

“112” пультіне 2 шілдеде түскі сағат 13:16-да қоңырау түсті. Тұрғын кішкентай қызға шұғыл көмек керегін айтқан.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 3 жасар қыздың оң қолының саусағын металл қақпақтың саңылауына салып, оны ала алмағанын көрген. Құтқарушылар бүлдіршіннің саусағын темір қақпақтан босатты.

Қызға медициналық көмек керек болмады.

https://t.me/halyquni
3.0K viewsedited  04:05
Ашу / Түсініктеме
2023-07-03 06:03:12
Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

https://t.me/halyquni
3.0K viewsedited  03:03
Ашу / Түсініктеме
2023-07-01 15:48:34 Абай облысындағы орман өрті: бірнеше лауазымды тұлға күдікті деп танылды

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Семей орманы резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы (бірнеше адам) күдікті деп танылып, үйқамаққа алынды.

Алдағы уақытта Төтенше жағдайлар және Экология министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекетіне/әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, Абай облысындағы өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

https://t.me/halyquni
3.7K viewsedited  12:48
Ашу / Түсініктеме
2023-07-01 14:57:52 Дүкенде киім киіп көрген адам ауру жұқтыруы мүмкін – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

"Дүкенде киімдерді киіп көру арқылы адамдар саңырауқұлақ, дерматомикоз және қышыма ауруларын жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ бояғыштарға немесе химиялық заттарға аллергиялық реакциялар пайда болуы ықтимал", - делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарламасында.

Мұндай жағдай болмас үшін не істеу керек:

Дүкендерді аралап келгеннен кейін жуыну;
Дүкендерді аралағанда киген киіміңізді жуу;
Сатып алған жаңа киіміңізді киер алдында жуу.

https://t.me/halyquni
4.0K viewsedited  11:57
Ашу / Түсініктеме
2023-07-01 14:42:39
Серік Күдебаевқа шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Алматы облысы сотында полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы қаралды. Бірінші инстанциядағы судья шығарған үкім өзгеріссіз қалды.

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы генерал-майорға қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

https://t.me/halyquni
3.5K viewsedited  11:42
Ашу / Түсініктеме
2023-07-01 12:09:01 Қазақстанда қымбатшылық бәсеңдеді – Ұлттық статистика бюросы

Толығырақ
3.6K viewsedited  09:09
Ашу / Түсініктеме
2023-07-01 07:05:00 Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?

Төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі
Зейнеткерлер зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады
Алматыда жылу, су және кәріз тарифі көтеріледі
Әлеуметтік кодекс қолданысқа енгізіліп, төлемдер мен жәрдемақы мөлшері артады
Қайтыс болған зейнеткердің туыстарына екі есе көп төлем беріледі
Елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру аяқталады
Темекі өнімдері қымбаттайды
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін заң күшейеді

Толығырақ мына жерден оқуға болады

https://t.me/halyquni
4.9K viewsedited  04:05
Ашу / Түсініктеме
2023-06-30 14:01:55
Президентке Ұлттық ұлан мен туристік полицияның жаңа формасы таныстырылды

https://t.me/halyquni
3.9K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2023-06-17 11:54:43
Тоқаев Кенесары ханның Құран кітабы табылғанын мәлімдеді

“Бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылған екен. Оны жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып алдық. Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасалды. Отандық және шетелдік ғалымдар Құранды мұқият зерттеді.

Расында Құранның Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды. Кез келген өркениетті ел өзінің тарихи мұраларына зор құрметпен қарайды. Оны қастерлеп, мұражайға немесе басқа да арнайы орындарға қояды”, – деді президент Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда.

https://t.me/halyquni
1.6K viewsedited  08:54
Ашу / Түсініктеме
2023-06-17 10:20:11
Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтқан негізгі сөздері:

Тоқаев қазіргі Қазақстанның идеологиясы туралы айтты.

Қожа Ахмет Яссауи тұлғасының маңыздылығына тоқталды.

Президент ономостика саласын тәртіпке келтіруге шақырды.

Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.

Тоқаев жастарға кеңес берді.

Балалардың кітап оқуы үшін жаңа бағдарлама әзірленеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кенесары ханның Құран кітабы табылғанын мәлімдеді.

2024 жылы Ұлттық құрылтай қайда өтетіні белгілі болды.

https://t.me/halyquni
1.6K viewsedited  07:20
Ашу / Түсініктеме