Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyquni
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.95K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Кері байланыс үшін: @halyqadmin @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 10

2023-05-03 08:35:10
Депутат блогерлердің жауапкершілігін күшейтуді ұсынды

Анас Баққожаев сауалын премьер-министр Әлихан Смайылов пен Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады.

Келісесіз бе?

https://t.me/halyquni
692 viewsedited  05:35
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 07:54:05 Тек әйелдерге берілетін ипотека: өтінімдерді қабылдау 10 мамырда басталады

"Ұмай" бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады.

Несие шарттары:
Баспананың максималды құны - 30 миллион теңге.
Сыйақы мөлшерлемесі – 14,4%, кейіннен 3,5%-ға дейін төмендеу – 5%-ға.
Несие мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін.
Отбасының табысы 550 000 теңгеден аспаса, онда бастапқы жарна 15% құрайды. Егер кіріс 550 001 теңгеден 640 000 теңгеге дейін болса, онда бастапқы жарна 20 пайызды құрайды.

Пәтерлерді еліміздің кез-келген қаласынан рәсімдеуге болады.

https://t.me/halyquni
987 viewsedited  04:54
Ашу / Түсініктеме
2023-05-03 07:18:19
Меркі тұрғыны Жигули Дайрабаевты үйін (нотариус пен сот орындаушысының көмегімен) иемденіп алды деп айыптады.

Депутат бүгін түсініктеме беріп, келісімшарттың заңды екенін әрі ол азаматтың бопсалау жолын таңдағанын айтты. Егер ол бұл әрекетін тоқтатпаса, Дайрабаев сотқа жүгінемін деп қорқытты.

Сондай-ақ Жигули Дайрабаев Кеңес ауылындағы жерге де "ешқандай қатысым жоқ" деп жауап берді.

Толық оқу үшін

https://t.me/halyquni
268 viewsedited  04:18
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 14:48:20
Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға "кеңес" берген алматылық депутат мандатын өткізу туралы шешім қабылдады

Deutsche Welle басылымында жарияланған жазбада Украина президентінің қарсы шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді, соның ішінде Қырымды да қайтарып алатыны сөз болған.

Мәслихат депутаты Анна Башинская сол пікірінен кейін Facebook парақшасында көпшіліктен кешірім сұрап, Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбай пікір қалдырғанын айтты.

Бүгін депутат пікірі Amanat партиясының ресми ұстанымымен сай келетінін, әлеуметтік желіде дау тудырған пікірі орынсыз болғанын айтып, депутаттық өкілеттігінен бас тартатынын жеткізді.

https://t.me/halyquni
591 viewsedited  11:48
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 13:48:07
Ирак түрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақстандық әйелдер аштық жариялап жатыр

Олар өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылған.

https://t.me/halyquni
1.1K viewsedited  10:48
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 10:44:41
Гүлмира Сатыбалдының соттағы соңғы сөзі: "Мені Назарбаевтың отбасымен негізсіз байланыстырып отыр"

"Қазақстанның бұрынғы президенті ағасының ұлы Қайрат Сатыбалдының әйелі деп айтып жатыр. Алайда ешкім Қайрат Сатыбалдымен 20 жылдан аса уақыт бұрын ажырасып кеткенімді айтпай отыр... Ортақ балаларымыз бар, бірақ одан басқа байланысымыз жоқ. Оның жеке өмірі бар. Ортақ кәсібіміз жоқ. Мені тұңғыш президенттің отбасымен негізсіз байланыстырып отыр", - деді ол соттағы соңғы сөзінде.

Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4 бөлігі (өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8 тармағында (адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

https://t.me/halyquni
674 viewsedited  07:44
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 09:05:59
Жеңілдетілген автонесиеге өзгерістер енгізілуі мүмкін

Енді табысы жоғары қазақстандықтар қатыса алмайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

"Белгілі бір жалақысы бар адамдарға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе, көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақасына қарап, белгілейміз. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп, аяқтауды көздейміз", - деді Марат Қарабаев.

https://t.me/halyquni
481 viewsedited  06:05
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 07:59:42 1,5 мыңға жуық ауылда таза су жоқ

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

"Бүгінде 6 295 ауылдың 4 900-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. 1 395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр", - деді министр Үкімет отырысында.

Айта кетейік, биыл сумен жабдықтауға 280 млрд теңге бөлінеді.

https://t.me/halyquni
195 viewsedited  04:59
Ашу / Түсініктеме
2023-05-02 06:44:17
Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытынан өрт шықты

1 мамыр сағат 15:55 шамасында Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты.

Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр.

Оқиғаның себеп-салдары анықталады.

Өрт 2 мамыр таңғы сағат 06.20-да толықтай сөндірілді.

https://t.me/halyquni
649 viewsedited  03:44
Ашу / Түсініктеме
2023-05-01 11:19:16 30 сәуірде Алматыдағы ҰҚК академиясының курсанты өлі табылды

Қайғылы оқиға Академия жатақханасында болған. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, курсант өзіне қол жұмсаған.

“Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

https://t.me/halyquni
1.2K viewsedited  08:19
Ашу / Түсініктеме