Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyquni
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.95K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Кері байланыс үшін: @halyqadmin @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 34

2023-03-06 12:54:09
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Сондай-ақ екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

https://t.me/halyquni
2.9K viewsedited  09:54
Ашу / Түсініктеме
2023-03-06 11:34:58 "Дикий Арманды" қамауда ұстау уақыты ұзартылды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау уақытын тағы бір айға ұзартты

https://t.me/halyquni
3.1K viewsedited  08:34
Ашу / Түсініктеме
2023-03-06 09:52:06 Сирия президенті Қазақстанға гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты

Мемлекет басшысының атына Сирия президентінен жеделхат түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтқаны жазылған.

"Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды", – деп жазылған жеделхатта.

Бұған дейін Сирияға 160 млн теңгенің гуманитарлық көмегі жіберілетіні хабарланған.

https://t.me/halyquni
3.7K viewsedited  06:52
Ашу / Түсініктеме
2023-03-06 08:51:31
Әнуар Жанғозин жаңа қызметке тағайындалды

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" басқарма төрағасы қызметіне Әнуар Жанғозин тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті Күләш Шәмшидинова атқарған болатын.

Жанғозин суретте ортада

https://t.me/halyquni
4.3K viewsedited  05:51
Ашу / Түсініктеме
2023-03-06 06:36:50 69 мың теңге: Балағат сөз айтатындарға қарсы жаза күшіне енді

Бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске балағат сөз айтқаны үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін норма күшіне енді.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны және қорлағаны үшін құқықбұзушыға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

https://t.me/halyquni
7.5K viewsedited  03:36
Ашу / Түсініктеме
2023-03-06 06:07:38
Қарағанды облысында арнайы операция барысында ірі қылмыстық топтың 40 мүшесі ұсталды

Бұл топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Жедел деректер бойынша топ мүшелерінің саны 50-ге жуық, оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар.

Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілді, 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленді.

https://t.me/halyquni
5.1K viewsedited  03:07
Ашу / Түсініктеме
2023-03-04 13:47:18 Журналистерге жасалған шабуылдарды кім ұйымдастырғаны анықталды

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.

https://t.me/halyquni
4.7K viewsedited  10:47
Ашу / Түсініктеме
2023-03-04 12:22:48 Халықаралық іздеу жарияланған әйел Қазақстанға экстрадицияланды

Украинадан қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған Қазақстан азаматы К. экстрадицияланды.

Оның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды.

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмыс жасағандар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

https://t.me/halyquni
4.2K viewsedited  09:22
Ашу / Түсініктеме
2023-03-03 15:09:09
2022 жылы футбол клубтарына 20 млрд теңге бөлінді

Жалпы спорт саласына мемлекеттік бюджеттен 356 млрд теңгеден астам ақша жұмсалған.

https://t.me/halyquni
4.0K viewsedited  12:09
Ашу / Түсініктеме
2023-03-03 12:11:04 Тоқаев Шымкентке барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізеді.

Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.

https://t.me/halyquni
4.1K viewsedited  09:11
Ашу / Түсініктеме