Get Mystery Box with random crypto!

ХАЛЫҚ ҮНІ

Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ Х
Telegram арнасының логотипі halyquni — ХАЛЫҚ ҮНІ
Арна мекенжайы: @halyquni
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.95K
Арнадан сипаттама

Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Кері байланыс үшін: @halyqadmin @halyquni_bot
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Ratings & Reviews

1.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

3


Соңғы хабарлар 8

2023-05-11 08:28:41
Назарбаевтың туыстарының қалай байығаны тексерілуі керек пе – Сенат спикерінің жауабы

https://t.me/halyquni
4.8K viewsedited  05:28
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 08:12:58
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ұсталды

Ол алаяқтық жасады және кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.

Мырзахметов Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Антикор оның басқа қылмысқа қатысы бар-жоғын тексереді.

https://t.me/halyquni
2.3K viewsedited  05:12
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 06:48:09
Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кетті

Оқиға 11 мамыр сағат 04:21 шамасында болған.

Полицияның хабарлауынша, жарылыс белгілері жоқ. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі.

https://t.me/halyquni
2.3K viewsedited  03:48
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 07:45:32
Қазақстанда ҰОС қатысқан қанша ардагер қалды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде ҰОС қатысқан 222 адам қалған.

Сондай-ақ соғыс кезеңінде жараланып, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ҰОС жеңісіне үлес қосқан 60 106 азамат тұрады.

Ардагерлерге 4,6 млрд теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

Толық оқу үшін

https://t.me/halyquni
2.9K viewsedited  04:45
Ашу / Түсініктеме
2023-05-08 17:04:55
Президент Ресейге жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалдық кешенге гүл шоғын қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары Ұлы Отан соғысы кезінде ірі шайқастар болған Ржев округіндегі тарихи жерлерге барудан басталды.

https://t.me/halyquni
3.0K viewsedited  14:04
Ашу / Түсініктеме
2023-05-08 13:47:22
Тоқаев 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысады

Қазақстан президенті Путиннің шақыруымен 8-9 мамырда Ресейге жұмыс сапарымен барады.

Тверь облысында ол Ржев мемориалына барып, Ұлы Отан соғысындағы ең ірі шайқастардың бірінде қаза тапқан 100 және 101 атқыштар дивизияларының қазақстандық жауынгерлерін еске алады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.

https://t.me/halyquni
2.9K viewsedited  10:47
Ашу / Түсініктеме
2023-05-07 06:00:01
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

https://t.me/halyquni
152 views03:00
Ашу / Түсініктеме
2023-05-05 13:46:38
Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында мәлімдеді.

"Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады. Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатыр", - деді мемлекет басшысы.

https://t.me/halyquni
392 viewsedited  10:46
Ашу / Түсініктеме
2023-05-05 11:34:41 Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания деп таныстыратындар көбейген. Осыған байланысты ұлттық банк алаяқтық әрекеттердің айқын белгілерді атады:

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жүргізбейді;
Ұлттық банк мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды;
ресурстарда қысқа уақыт ішінде жоғары пайдаға жалған кепіл беретін ақпарат қамтылады, сондай-ақ байланыс дерегі жоқ;
алаяқтар бейресми нөмірлерден белсенді түрде қоңырау шалып, жалған құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады;
іс жүзінде активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

https://t.me/halyquni
454 viewsedited  08:34
Ашу / Түсініктеме
2023-05-05 08:54:41
Бүгін Президент Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шараға қатысады

https://t.me/halyquni
226 viewsedited  05:54
Ашу / Түсініктеме