Get Mystery Box with random crypto!

Мен сені келмейді алдағым әлдебір саясат шебімен. Барлығы айда | Essizdik is the new black!

Мен сені
келмейді алдағым
әлдебір саясат шебімен.
Барлығы айдан да анық-ақ,
Барлығы ебімен.

Қалқатай,
Уақыттың ең ұлы күшімен
ең ұлы арналар
толады, тасиды, кетеді.
Барлығы бәріне жетеді.
Барлығы азшылық етеді.

Бұл өмір.

Қынжылып жылаудың керегі
жоқ шығар, қарағым, себебі,
заңдылық аспаннан биіктеу.
Тағдырға көңілдің толмауын,
сондықтан қате ғой күйік деу.

адамдар ұға ма осыны?

Мұңымен бақыты қосылып,
әйтеуір өлместің ісімен,
Тәңірдің күшімен,
келеді асырып жылдарды.
Құмдарға толады теңіздер,
теңіздер басады құмдарды.

Сондықтан,
мен сені алдамай,
әлдебір пәлсапа жібіне байламай,
Жетектеп мәңгілік
ұғымы шебіне,
келемін бір қадам басқанда,
қос қадам шегіне.

2022