Get Mystery Box with random crypto!

Біздің данагөйлеріміз елдің мұңы ердің мұңы деп жатады. Дұрыс | Essizdik is the new black!

Біздің данагөйлеріміз елдің мұңы ердің мұңы деп жатады. Дұрыс та шығар бірақ, барлық азамат ұлт тағдыры жайлы құса болса, біз бақыттырақ боламыз ба? Бұл, жалпы, мүмкін бе?

Менің пікірімше әр азамат қара басы мен жанұясы жайлы ойласа жеткілікті. Өзі байып, өзі ғана толса да айып жоқ. Бар мұңы жұбайы пісіретін дәмді тамақ пен қызы ертең балабақшаға киіп баратын көйлегі болса ер азамат ез болмайды.

Қайта ұлт көркейіп, баю үшін әрбір жанұя жекедара байып, көркею қажет. Бұны, қателеспесем, Адам Смит атамыз айтып кеткен-мыс.

Біздің қазекең бәрін мұңшыл, қайғықұмар қылғысы келеді. "Қазақ!" – десе атқа қонатын адамды көргісі келеді. Бірақ, бес саусақ бірдей емес. Ең бастысы бірдей болмаса да, бес саусақ жұмылса жұдырық болады. Сол да жеткілікті сияқты.

Ер адам ұлтжанды болу үшін бақытты болу қажет. Егер қазақтың азаматы бай болса, бақытты болса ол Отан үшін бәріне барады. Себебі, кез келген дұрыс әрекеттің қайнар көзі дұрыс мотивация. Ер азамат үшін ең мықты мотивация – үйіндегі әйелі, анасы, баласы.

Сондықтан, қазақтың басына күн туса ұлтым деп у ішіп жүрген азамат емес, осы мекенде бақытты күн кешіп жүрген азамат күреседі деп ойлаймын.