Get Mystery Box with random crypto!

№72 / Part II Өмірді босқа өткізбе, қалқам, Өткен мен кеткен | Essizdik is the new black!

№72 / Part II

Өмірді босқа өткізбе, қалқам,
Өткен мен кеткен сазы үшін,
Жауапсыз сезім назы үшін,
Көпшілік үшін, аз үшін.
Қамшының сабы қысқалау (!)
Өмірдің басты мақсаты —
басқаларға ұқсамау.

Тәңірдің әрбір пендесі жалғыз,
Даралық біздің қасиет.
Сондықтан, жаным,
Тобырға еніп,
Адамға сеніп,
Жүрудің өзі қасірет...

Көк аспан – жалғыз,
Тәңір де дара,
Адам да солай, қарағым.
Жалқылық көлін кешпеу де күнә:
"Былғанар" – деп балағым.


2022. Атырау.