Get Mystery Box with random crypto!

Мені шайыр дейтін әзірше жалғыз адам бар. Ол – Нұрзат, яки Тың | Essizdik is the new black!

Мені шайыр дейтін әзірше жалғыз адам бар. Ол – Нұрзат, яки Тыңдарман. Бүгін кәсіби өңделген әні шықты. Шын жүректен құттықтап, өз арнама салуды жөн көрдім. Себебі ән тым жақсы, одан бұрын осы әнмен байланысты естелік қандай!

Жатақханада өткен сансыз түндерде Нұрзат бөлмеме келіп ән айтып беретін. Жартылай жарық бөлмеде әндері жүрегімді емдеп, сұмдық тыныштық ұялататын. Кейде ақындығым ұстап қалып, сөзін өңдеп кететінім де жоқ емес.

Эх, ыстық кездер ғой.