Get Mystery Box with random crypto!

Әлібековтардың партиясы жайлы жазуға ұмытып кетіппін. Көбісі | Essizdik is the new black!

Әлібековтардың партиясы жайлы жазуға ұмытып кетіппін.

Көбісі Тоқаевтың қолдауымен құрылып жатқан партия дейді. Өз басым бұған сенбеймін. Керісінше, Тоқаевтың атын жамылып құрылып жатқан партияға ұқсайды.

Осыдан шамамен жиырма шақты жыл бұрын біздің сүйікті [емес] Әбіләзов ҚДТ құрған кезең есіме түсіп кетті. Жайдан жай есіме түскен жоқ. Сол кезде Тоқаевтың "киндер сюрприз" жайлы айтқаны бар еді.

Бұл жолы да солай. Амбициясы мен ақшасы бар адамдар саяси күшке жұмылып жатыр. Олардың бастарында не бары бір Құдайға аян. Жалпы, саясаттанушылар тұрақталған саяси мәдениеті жоқ мемлекеттердің саяси элитасына бизнесмендердің кіруі қауіпті деп айтады. Мен де солай ойлайм'.

Бұл кәсіпкерлердің баю жолы мен байығандағы мақсаттары мен үшін беймәлім. Ол байғұстар өздерін, тіпті, ұлттық буржуазия деп те санайтын шығар. Алайда, олардың ондай емес екенін бәріміз білеміз.

Баяғыда Чичваркиннің айтқан сөзі есіме түсіп кетті. Қазір арна жазбаларынан іздеп, бөлісе қоярмын.