Get Mystery Box with random crypto!

Айтпақшы, бұл арнаға өлеңнен басқа ештеңе салмаймын деп сөз бе | Essizdik is the new black!

Айтпақшы, бұл арнаға өлеңнен басқа ештеңе салмаймын деп сөз беріп едім. Онымен, ресми түрде бүгіннен бастап ақын деген асқақ [емес] есімнен бас тартамын.

Өзімді жаман ақын демеймін, кейбір ұйқас теріп жүргендерден тәуірмін. Бірақ, ақын болу үшін "тәуір" болу жеткіліксіз екен. Бұл туралы кеше түс көріп, аян алдым. Ол туралы айтқым келмейді.

Өлеңді тастамаймын. Шабыт келсе жазып тұрам, келмесе жазбаймын. Бөліскім келсе осында салып, бөліскім келмесе өшіріп тастаймын. Бәрбір өзімді үлкен қаламгер ретінде елестеткем емес. Сондықтан, бұл бір жағынан баяғыда қабылданған шешім десек те болады.

Болашақта кім боларым Құдайға ғана аян. Саясаттану, халықаралық қатынастар, поэзия мен тарих менің тұлғамның бөлігі ғана. Бұл мен қызығып қана қоймай, ізденетін салалар. Алайда, бұл салалардың біреуі де маған шынайы бақыт әкелмейді екен. Ащы болса да шындық.

Сол себепті бұл арнаға өзімнің кішкентай ғана қара басыма түскен дүниенің барлығын салып отырам. Әзірше басқа вариант болмай тұр. Бәлкім, басқа вариант керек те емес шығар. Көре жатармыз.

Негізі, адам баласының бір саланы тастап, басқа нәрселерге назар аударуы қалыпты нәрсе. Бұл – заңдылық. Сондықтан, өзгелер сияқты "Шабыт мені тастап кетті!", "Өлеңнің киесін көтере алмадым!" деп Шанель Оберлин стиліндегі драма-квин болғым келмейді. Ізденіс кез келген адамның басынан өтіп, өте қызық жерлерге апарады.

Осылай, қысқасы.

#essizdikonvacation