Get Mystery Box with random crypto!

ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 3/30 1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секірі | Эльвира Ергалина

ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 3/30

1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секіріп, контрастты душ қабылдадыңыз. Жуынып-шайынып, бет күтімін жасадыңыз. Су ішуді ұмытпаңыз. Неге керегін ұмытып қалсаңыз, бірінші күннің текстін оқып аласыз ғой.

2. Бүгінге ниет. Дәптеріңізді ашып, бір ғана ниет жазасыз. Әр әрекетіңізді жасарда немесе “не керек осы” деген ой туғанда осы ниетіңізді еске аласыз. Сондықтан бүгінгі ісіңізге, әрекетіңізге арналған ниет болсын. Кешегіні қайталамаймыз.

3. Алғыс жазу. Бүгін өзіңізге алғыс жазасыз. 10-20-50-100 қаншаға жалғасады, тоқтамастан жазыңыз.

Бүгінгі жетістігіңіз, барыңыз кешегі өзіңіздің талпынысыңыз. Іштей Алладан сұраған ниетіңіз бен әрекетіңіздің нәтижесі.

Мейлі, құлаңыз, қателесіңіз, адасыңыз. Бірақ сапалы өмірге, дамуға ұмтылған өзіңізге рақмет айту керексіз.

Әр жылыңыздағы өзіңізге баппен қараңыз, еске түсіріңіз. Нені қалады, неге ұмтылды? Қиналып жүрсе де, бар күшін сарқып, жақсыға ұмтылғанын еске алыңыз.

Өмірде кешірім сұрау керек жалғыз жан қалса, ол - ӨЗІҢІЗ. Өмірде алғыс айту керек жалғыз жан қалса, ол да - ӨЗІҢІЗ

4. Өзіңізбен тілдесу. Айнаға жақындаңыз да, тәніңізге, жүзіңізге, көзіңізге ұзақ қараңыз. Бұл - жақсылыққа, махаббатқа ұмтылған жан. Көзіңізге тік қарап, барлығы үшін өзіңізге рақмет айтыңыз. Дәптерге жазғаныңызды дауыстап айтыңыз. “Мен сені жақсы көрем, бағалаймын” деп қайталаңыз. Өзіңізді құшақтаңыз, сүйіңіз.

Соның бәрін айтқандағы сезімдеріңізге мән беріңіз. Жылағыңыз келсе, жылап алуға болады. Терең тыныс алыңыз.

5. Медитация жасаңыз. Каналымдағы медитацияны тұрақты жасасаңыз, керемет сезім береді әрі миыңыздың программалануына көмектеседі. Болашақта тағы жаңа медитациялар ұсынып қалуым мүмкін

6. Серуендеңіз. Иә, кейбіріңізде мүмкіндік болмайтын шығар. Ең болмаса, терезені ашып, табиғатқа, айналаға зер салыңыз, таза ауа жұтыңыз. Таңда құстардың әуені ерекше болады, соны байқаңыз. Тәнге белсенділік керек, аздап жаттығу жасаңыз.

7. Сүйікті өзіңізге сыйлық жасаңыз. Бірдеңе сатып алу шарт емес. Дәмді асыңызды дайындап ішерсіз, өзіңізге арнап қоюлап шай даярларсыз. Боянып, әдемі көйлегіңізді киерсіз. Гүл сыйларсыз, тәтті сыйларсыз. Әйтеуір өзіңізге құрметпен сый көрсетіңіз

8. Әрекетіңізге өзіңізді қосыңыз. Күні бойы не жасасаңыз да, өміріңізді құрастырып жатырсыз. Тіршілігіңіздегі басты кейіпкер - өзіңіз. Бала бақсаңыз да, жұмыс істесеңіз де, үй шаруасын жасасаңыз да, сіздің өмірдің құрамы екенін естен шығармаңыз. Сіз! Кеш батқанша осы ойды қайталап, күніңізге өзіңізді және махаббатыңызды қосыңыз

Бәрін орындап болған соң қандай сезім, ой болды, бөлісе кетіңіз. Пікіріңізді күтем