Get Mystery Box with random crypto!

Пікірсайыс. Біздің елдің қоғамдық-саяси өмірінде тек сайлау ке | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Пікірсайыс. Біздің елдің қоғамдық-саяси өмірінде тек сайлау кезінде ғана дебат сөзі естіле бастайды. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Үкімет сағаты, мәжілістегі жиындар әрқашан дебат форматында өтсе демократиялық қоғамға деген талпыныс болар еді.

Біздің тұлғалық қасиетті қалыптастырудағы əсер еткен орта - пікірсайыс болатын. Əсіресе, "Таңдаулы экономистер одағы" пікірсайыс мектебінің үлесі баршылық. Өзім сол клубты алғашқы құрылған жылдары бірнеше жыл басқардым. Нархоз университетінің жанынан құрылған клубқа бүгінде 19 жыл толып отыр.

Пікірсайыс дегеніміз білім берудің ең үздік технологиясы. Əсіресе саясаттағылар үшін пікірсайыс өте қажет. Себебі бүгінгі күні өзекті мәселенің шешу жолын ұсыну үшін пікірсайыс технологиясын қолданған дұрыс деп есептеймін.

П.с. АҚШ президенттерінің басым бөлігі пікірсайыс клубтарынан шыққан. Біздің пікірсайыс клубынан да Қазақ елінің мүддесі үшін аянбай қызмет ететін азаматтар шығатынына сенемін!