Get Mystery Box with random crypto!

Egemen Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan E
Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan
Арна мекенжайы: @egemenqazaqstan
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.77K
Арнадан сипаттама

“Egemen Qazaqstan" газетінің телеграм арнасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 212

2021-05-21 15:18:11 Тұңғыш Президент азық-түлік тапшылығы туралы айтты

https://egemen.kz/article/275503-tunhghysh-prezident-azyq-tulik-tapshylyghy-turaly-aytty
91 views12:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 12:50:11
23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады.
166 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 09:56:30
Грузиядағы фильм түсірілімінде белгілі актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды.

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның актері болған еді. Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші» сынды фильмдерге түскен.
Фархат Нұрсұлтанұлы РФ «Үздік актер» кино басылымының бас жүлдесін, XXI Халықаралық «Святой Георгий Победоносец» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алған.

2020 жылы «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» аталымын иеленген. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

egemen.kz
213 views06:56
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 09:48:36
Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық бөлігі жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Шығыс Қазақстан облысында ғана биіктіктегі жылғаның әсерінен 22 мамыр күні аздаған жауын-шашын мен түнде қатқақ сақталады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары белсенді жылжып, олармен бірге елімізде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы, тіпті қатты ыстық күн райы күтіліп отыр.

24 мамыр күні күндіз термометр бағанасы 30-38 градус ыстықты көрсетеді, еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық бөлігінде күн 25-35 градусқа дейін ысиды.

Республиканың жекелеген аудандарында жел күшеюі ықтимал, ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.

egemen.kz
197 views06:48
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 06:21:04
“Egemen Qazaqstan” газетінің 21 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
223 views03:21
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 15:57:56
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова «Шетелде вакцина алған адамға Қазақстанда вакциналау паспорты беріле ме?» деген сауалға жауап берді.

«Егер Қазақстаннан басқа елде екпе алсаңыз, вакциналау паспортын сол елден басқа жерден ала алмайсыз», деп жауап берді Әлия Рүстемова.
Басқарма өкілінің айтуынша, ол вакциналау паспорты медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелермен біріктірілген eGov мобильді қосымшасында жасалатынын еске салды.

egemen.kz
191 views12:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 15:51:54
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook желісінде көпшіліктің киік құралайымен түскен фото-видеоларына қатысты сын-пікірге түсінік берді.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті рұқсат берген фототүсірілімге қатысты пікірде халықтың азаматтық позициясының артып, қоршаған ортадағы жағдайларға бейжай қарамайтын азаматтардың көптігі сөз болды.

«Оспан Әлінің киікті қорғаймын деп құрбан болған Ерлан Нұрғалиевтің құралаймен түскен әйгілі фотосының авторы екенін білесіздер. Туынды киіктерді қорғаудың символына айналып кетті десе де болады.

Ал соңғы түсірген суреттерінің мақсаты - сұлу табиғатымызды көрсетіп, насихаттау, адамдардың сұлу жануарға махаббатын ояту арқылы қорғауға атсалысуға итермелеу еді», дейді Самал Ибраева. 

egemen.kz
188 views12:51
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 11:05:15 Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері шағын құрамда екіжақты келіссөз өткізді

https://egemen.kz/article/275333-qazaqstan-men-tadgikstan-prezidentteri-shaghyn-quramda-ekidgaqty-kelissoz-otkizd
147 views08:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 07:45:57
2021 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

egemen.kz
198 views04:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-20 07:01:36
“Egemen Qazaqstan” газетінің 20 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
199 views04:01
Ашу / Түсініктеме