Get Mystery Box with random crypto!

Egemen Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan E
Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan
Арна мекенжайы: @egemenqazaqstan
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.77K
Арнадан сипаттама

“Egemen Qazaqstan" газетінің телеграм арнасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 216

2021-05-12 06:05:35
“Egemen Qazaqstan” газетінің 12 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
195 views03:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 14:57:58
Еліміздің барлық өңіріндегі мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылады.

«Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатындығын (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз. Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз: бетперде (маска) киіп келу; үйден дәрет алып келу; намаздан соң қол беріп амандаспау; намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту; жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу. Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал», делінген діни басқарма мәлімдемесінде.

egemen.kz
162 views11:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 14:52:22
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға сапары барысында бірқатар нысандардың ашылуына қатысты. Нақтырақ айтсақ, Тұңғыш Президенттің киелі шаһарға сапары қазақ хандарына арналған мемориалдық кешеннің ашылуымен басталды.

https://egemen.kz/article/274234-elbasy-turkistangha-keldi
168 views11:52
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 09:59:35
Елімізде  9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру офлайн режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз», деді министр аппарат жиналысында.

egemen.kz
333 views06:59
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 09:01:56
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.⠀
«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары

egemen.kz
264 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 06:24:48
“Egemen Qazaqstan” газетінің 11 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
58 views03:24
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 13:37:49
Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.

Үздік телевизиялық сериал - «Абай жолы», Хабар
Үздік ақпараттық бағдарлама -  «Аналитика», Бірінші арна «Еуразия»
Үздік тележурналист -  Руслан Идрисов, «Atameken Business»
Үздік деректі фильм - «Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер-Министр», «Сарыарқа» телеарнасы
Үздік тележүргізуші - Камила Жусупова, КТК
Үздік әлеуметтік жоба - Теледәрігер, «Qazaqstan»
Үздік ойын-сауық бағдарламасы - Жүзден жүйрік, «Qazaqstan»
Үздік аймақтық телеарна - Ирбис TV, Павлодар қаласы
Үздік режиссерлік жұмыс - «JOL», НТК

egemen.kz
533 views10:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 11:49:45 Президенттің Жарлығымен бірқатар әскери қызметкерге әскери шендер берілді

https://egemen.kz/article/273902-prezidenttinh-zharlyghymen-birqatar-askeri-qyzmetkerge-askeri-shender-berildi
449 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 11:49:17
Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Қалған мереке күндері, яғни 7,8 және 10 мамырда елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді.⠀

Жолаушыларға бетперде тағып жүруі міндеттеледі. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀
Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

egemen.kz
437 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 06:52:11
Қазақстан вакцина алған азаматтар саны бойынша әлемде 57-орында тұрғанын Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Вакцинация жұмыстары тұрақты қарқынмен жүруде. Қазақстан әлемде вакцина алған азаматтар саны бойынша 57-ші орында тұр. Бұл өте жақсы позиция және қарқыны да қалыпты. Егер вакцинацияның бастапқы кезеңінде күш салар болсақ, бұл халықтың вакцинадан бас тартуына әкелуі мүмкін. Еш асықтыру болмау керек. Бастапқы кезеңде нақты түсіндіру, мысал келтіру, жүйенің дайындығы, медицина қызметкерлері мен вакциналау пункттерінің дайындығы болуы керек», деді министр.

egemen.kz
416 views03:52
Ашу / Түсініктеме