Get Mystery Box with random crypto!

Egemen Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan E
Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan
Арна мекенжайы: @egemenqazaqstan
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.77K
Арнадан сипаттама

“Egemen Qazaqstan" газетінің телеграм арнасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 211

2021-05-25 18:12:38
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай өңірінің биылғы төрт айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. 

egemen.kz
281 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 14:09:52 Бүгін Мемлекет басшысы үндеу жасайды

https://egemen.kz/article/275833-bugin-memleket-basshysy-undeu-dgasaydy
35 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 10:34:10
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерге жоғары оқу орнын таңдауға қатысты кеңес берді.

«Бұл оқу жылы бүкіл әлемдегі оқушылар мен студенттер үшін оңай болған жоқ. Әлемдік білім біру жүйесі пандемия сынды үлкен сынақтан өтті. Біз мұғалімдермен бірлесе отырып білім беру жүйесіне жаңа дем беріп, оларға барынша қажетті жағдай жасауға тырыстық. Сіздер оқуларыңызды аяқтап жатырсыздар. Кейбір түлектер жоғары оқу орындарына немесе колледждерге түссе, енді біреулері жұмыс істейді. Қалай болса да, алдағы уақытта сіздерді жаңа мүмкіндіктер мен жаңа өмір белестері күтіп тұр», деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

egemen.kz
162 views07:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 10:31:00
Денсаулық сақтау министрлі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус тарауы бойынша үш болжам айтты. 

«Пессимистік сценарий бойынша, вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық адам болады. 
Екінші, шынайы сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болады, сонда 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамға жетеді.
Ал оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адам болады», деді Цой.

Министр осы сценарийлердің орындалу-орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді.

egemen.kz
147 views07:31
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 07:05:04
“Egemen Qazaqstan” газетінің 25 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
198 views04:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 14:29:10 Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады

https://egemen.kz/article/275696-memleket-basshysy-dimash-qudaybergendi-tughan-kunimen-quttyqtady
211 views11:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 12:59:46
Синоптиктер 25-27 мамырға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады.

25-26 мамырда Қазақстан аумағында нағыз жазғы ауа райы басталады.

«Оңтүстіктен ойысқан жылы және құрғақ ауа массалары елімізде аптап ыстық пен құрғақшылықтың орын алуына түрткі болады. Еліміздің батысында 30 ... 39 ° С аптап ыстық күтіледі, тіпті солтүстік жарты бөлікте де күндізгі уақытта сынап бағаны 32 ... 38 ° С көрсетеді. Бірақ республикамыздың оңтүстік және шығыс жарты бөлігі де қалыс қалайын деп тұрған жоқ, сынап бағаны қарқынды жылдамдықпен көтеріліп, оңтүстікте 30 ... 40 ° С, шығыста 30 ... 36 ° С дейін аптап ыстық болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс Еуропа аймақтарынан антициклон батысқа, сосын солтүстік аймақтарға ығысып келеді. Суық солтүстік ауа ағыны батыс облыстарда температураның айтарлықтай төмендеуіне, яғни 25 ... 33 ° С дейін, солтүстікте 18 ... 28 ° С дейін алып келеді.

egemen.kz
244 viewsedited  09:59
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 10:30:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады», дейді баспасөз хатшысы.

egemen.kz
64 views07:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 07:16:21
24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл аймақта»: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары.

egemen.kz
158 views04:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 06:06:19
“Egemen Qazaqstan” газетінің 24 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
171 views03:06
Ашу / Түсініктеме