Get Mystery Box with random crypto!

Egemen Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan E
Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan
Арна мекенжайы: @egemenqazaqstan
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.77K
Арнадан сипаттама

“Egemen Qazaqstan" газетінің телеграм арнасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 217

2021-05-06 06:05:36
“Egemen Qazaqstan” газетінің 6 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
384 views03:05
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 15:43:58
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына биылғы 4 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, коронавирус пандемиясының үшінші толқыны кезіндегі әлемдік экономиканың даму перспективалары, сондай-ақ, әлемдегі инфляцияның өсуі мен басқа да инфляциялық мәселелер туралы есеп берілді.

egemen.kz
427 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 13:42:45
Синоптиктер Қазақстандағы 6 - 8 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы пайда болады. Жауын-шашын түсіп, оңтүстік-шығыста қатты жауын жауады деп күтіледі, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ аралас жаңбыр жаууы да ықтимал», делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Батыс антициклонының Қазақстан аумағына енуіне байланысты ауа температурасының төмендеуі мүмкін деп болжанады, еліміздің солтүстік жартысында түнде -3 градусқа дейін аяз, үсік жүреді, күндіз 15-20 градус жылы болады.

Республикамыздың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, күндізгі температура 20-25 градусқа дейін сәл төмендейді.

egemen.kz
430 views10:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 11:08:25 Әлем елдері карантин мен вакцинаға қатысты талаптарды күшейтті

https://egemen.kz/article/273759-alem-elderi-karantin-men-vaktsinagha-qatysty-talaptardy-kusheytti
403 views08:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 08:34:49
5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды.

Вакцинаның екі компонентін қатар салдырғандарың саны 400 740-қа жетті.

Өңірлер арасында екпе салдырудан Алматы қаласы (234 516) мен Алматы облысы (168 234) көш бастап тұр.

egemen.kz
419 views05:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 05:54:20
“Egemen Qazaqstan” газетінің 5 мамырдағы шығарылымы.

Толық нұсқасын egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
409 views02:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 16:14:32
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары, XXIX сессия қорытындылары және этносаяси саладағы өзекті үрдістер туралы ақпарат берілді.

egemen.kz
457 views13:14
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 10:49:38
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады.

19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

https://egemen.kz/article/273607-qasym-zhomart-toqaev-tadgikstangha-resmi-saparmen-barady
475 viewsedited  07:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 10:19:25
«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктірілді

Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

https://egemen.kz/article/273606-egemen-qazaqstan-men-kazakhstanskaya-pravda-gazetteri-biriktirildi
434 viewsedited  07:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 09:16:55
Қазақстанда 4 сәуірдегі мәліметтер бойынша 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында жарияланды.

Вакцинаны ең көп салдырған қалалар арасында Алматы көш бастап тұр. Мұнда вакцинаны 228860 адам салдырған.

Ал өңірлер арасында Алматы облысы тұр, бұл өңірде 164 351 адам егілген. Вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны – 347474 адам.

egemen.kz
426 views06:16
Ашу / Түсініктеме