Get Mystery Box with random crypto!

Egemen Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan E
Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan
Арна мекенжайы: @egemenqazaqstan
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.77K
Арнадан сипаттама

“Egemen Qazaqstan" газетінің телеграм арнасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 214

2021-05-18 07:02:42
“Egemen Qazaqstan” газетінің 18 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
226 views04:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 16:43:11 Көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілуі мүмкін

https://egemen.kz/article/274918-kolikterge-avtobus-dgolaghymen-dguruge-ruqsat-berilui-mumkin
188 views13:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 14:16:01
Қазгидромет 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Аптаның ортасында еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан мен орталық өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін.

19 мамырдан бастап Салехард аймақтарынан суық антициклонның ығысып келуіне байланысты күндізгі температура солтүстікте 12-17 градус, орталықта – 15-20, кей жерлерде – 12 градус, шығыста 10-15 градус болып төмендейді. Кей жерлерде 7 градус Цельси төмен температура сақталады.
Ал 20 мамырда елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

egemen.kz
239 views11:16
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 07:48:05
2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу процесі толық автоматтандырылып, оған заманауи сандық технологиялар енгізіледі.

Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды. Мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады.

egemen.kz
156 views04:48
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 07:32:15
17 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

egemen.kz
162 views04:32
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 07:19:05
“Egemen Qazaqstan” газетінің 17 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
173 views04:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 17:00:03 Елімізде демалыс күндері ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі

https://egemen.kz/article/274738-elimizde-demalys-kunderi-aua-temperaturasy-36-gradusqa-deyin-koteriledi
195 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 16:59:44
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Кездесуде биыл 19 мамырда өтетін Қауіпсіздік Кеңесі отырысының күн тәртібі және жиында қарастыру жоспарланған құжаттар талқыланды.

egemen.kz
196 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 10:38:42
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің ақтық кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты 30 жұлдызды күнмен түйінделеді.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қандай шаралар өтетінін атады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің соңғы кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты 30 жұлдызды күн болмақ. Оның аясында мәдениет ұйымдарының күндері басталады. Күн сайын өнердің барлық жанрындағы жаңа туындылардың тұсаукесерлері өтеді. Жыл бойы өнердің үздік үлгілерін жасауға, бұқаралық спорт пен ішкі туризмді дамытуға және оларды одан әрі ілгерілетуге бағытталған идеологиялық-мазмұнды және сапалы шараларды өткізу жоспарланған», дейді ведомство басшысы.

egemen.kz
151 views07:38
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 09:11:09
Биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктілерде өтеді. Бұл жайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Faceboок-тегі парақшасында жазды.

«Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктілерде өтеді. Бұл бізге «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын», деп жазды министр.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, докторантураға түсуге үміткерлер эссені де, басқа тапсырмаларды да компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазады.

egemen.kz
187 views06:11
Ашу / Түсініктеме