Get Mystery Box with random crypto!

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспас | Egemen Qazaqstan

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook желісінде көпшіліктің киік құралайымен түскен фото-видеоларына қатысты сын-пікірге түсінік берді.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті рұқсат берген фототүсірілімге қатысты пікірде халықтың азаматтық позициясының артып, қоршаған ортадағы жағдайларға бейжай қарамайтын азаматтардың көптігі сөз болды.

«Оспан Әлінің киікті қорғаймын деп құрбан болған Ерлан Нұрғалиевтің құралаймен түскен әйгілі фотосының авторы екенін білесіздер. Туынды киіктерді қорғаудың символына айналып кетті десе де болады.

Ал соңғы түсірген суреттерінің мақсаты - сұлу табиғатымызды көрсетіп, насихаттау, адамдардың сұлу жануарға махаббатын ояту арқылы қорғауға атсалысуға итермелеу еді», дейді Самал Ибраева. 

egemen.kz