Get Mystery Box with random crypto!

Egemen Qazaqstan

Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan E
Telegram арнасының логотипі egemenqazaqstan — Egemen Qazaqstan
Арна мекенжайы: @egemenqazaqstan
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 2.77K
Арнадан сипаттама

“Egemen Qazaqstan" газетінің телеграм арнасы

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 210

2021-05-27 14:55:33
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне ескерткіш орнату сынды сыйлықтарды мүлдем ұнатпайды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.

«Елбасы бұл идеяны және осыған дейін көтерілген өзге де бастамаларды қолдаған жоқ. Оған ескерткіш орнату, сәулет нысанының атауын өзгертумен байланысты мұндай «сыйлықтар», әсіресе бұл «сыйлықтар» жергілікті шенеуніктер ұйымдастырса мүлдем ұнамайды. Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай көңіл аударулардың қажет еместігін сан мәрте мәлімдеген болатын. Кейде кейбір адамдар әдейі ақпараттық шу тудырғысы келетіндей әсер қалдырады. Тарихта ол өз атын жаңа жобаға беруге келіскен бір ғана жағдай болды. Бұл – университет пен зияткерлік мектептер», деді Елбасының баспасөз хатшысы.

egemen.kz
131 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 10:55:43
Бүгін Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте қалалықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды.

Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінде қаланың әлі де «қызыл» аймақта екенін, мутацияланған штаммдардың 84%-ға дейін өскенін еске салды.

«Оның үстіне, мамыр айының соңғы аптасында жұқтыру көрсеткіші төмендегені байқалды, өткен тәуліктерде тіркелген жағдайлар 700-ден 290-300-ге дейін азайған», деп хабарлады Ж. Бекшин.

egemen.kz
204 views07:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 09:34:25 Бүгін жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді

https://egemen.kz/article/276094-bugin-dganhbyr-burshaq-dgauyp-dgel-kusheyedi
225 views06:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 05:54:20
“Egemen Qazaqstan” газетінің 27 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
256 views02:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 14:38:51 Президент электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

https://egemen.kz/article/276015-prezident-elektr-energetikasy-salasyn-damytu-maseleleri-dgoninde-kenhes-otkizdi
302 views11:38
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 11:01:21
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, халықты вакциналау, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы есеп берілді.

egemen.kz
127 views08:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 10:28:40
2021 жылғы 26 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 035 781 адам вакцина салдырды.

Елімізде 2 млн 35 мың 781 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

Ал екінші компонентті салдырған азаматтар саны 973 мың 873-ке жетті.

egemen.kz
150 views07:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 07:30:52 Бүгін еліміздің 9 өңірінде аптап ыстық болады

https://egemen.kz/article/275911-bugin-elimizdinh-9-onhirinde-aptap-ystyq-bolady
213 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 07:28:15
2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше «қызыл» аймақта болған Батыс Қазақстан облысы бүгін «сары» аймаққа ауысты. Ал кеше «сары» аймақта болған Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы бүгін «жасыл» аймаққа ауысты.
Сонымен Қазақстанның 7 өңірі қауіпсіз аймақта тұр.

egemen.kz
220 viewsedited  04:28
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 06:16:55
“Egemen Qazaqstan” газетінің 26 мамырдағы шығарылымы.

Толығырақ egemen.kz сайтынан оқи аласыз.
213 views03:16
Ашу / Түсініктеме