Get Mystery Box with random crypto!

Асхана Рецепт Торт Салат

Telegram арнасының логотипі damxana — Асхана Рецепт Торт Салат А
Telegram арнасының логотипі damxana — Асхана Рецепт Торт Салат
Арна мекенжайы: @damxana
Санаттар: Тамақ
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.77K
Арнадан сипаттама

‼️Жарнама үшін біз жауапкершілікті мойнымызға алмаймыз, оған сену-сенбеу –сіздердің таңдауыңыз‼️
Ең дәмді рецепттер БІЗДЕ! 🍎
Ана мен бала денсаулығы
👇🏼
⚡️ @anagakenes ⚡️
Реклама бойынша @balbraun

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2021-12-13 12:44:55 Шоколадный рулет өте өте дəмді болып шығады дайындап көріңіздер

Құрамы:
Жұмыртқа С1 4шт
Ұн 150 гр
Қант 200 гр
Какао 20 гр
Сұйық май 40 гр
Разрыхлитель 1ш.қ

Крем:
Сливки 200 гр
Творожный сыр 150 гр
Қант ұнтағы 50 гр

Жасалуы:
Ыдысымызға қантпен жұмыртқаны салып көпіргенше араластырып аламыз. Жұмыртқа 2-3 есе көтерілу керек. Сұйықмай ды қосамызда жаймен араластырамыз. Кейін ситадан ұн, какао, разрыхлительды өткізіп, жұмыртқалы массамызға аз-аздан салып арнайы күрекшемен төменнен жоғары қарай жаайлап біркелкі болғанша аралыстырамыз. Енді төртбұрышты үлкендеу формаға құйамызда, қызып тұрған пешімізге саламыз. Формаға құймастан бұрын, формаға пергаментный қағаз төсеген жөн. Бисквитіміз оңай алыну үшін.180 гр та 25-30 мин пісіріп аламыз. Əркімнің пешінің қызуы əртүрлі, сондықтан əртүрлі уақытта пісуі мүмкін. Піскен рулетті сразу үлкендеу орамалды төсеп ормалмен бірге орап тастау керек.

Кремді дайындау үшін құрғақ ыдысқа салқын сливкиды құйып, творожный сырды, қант ұнтағын салып барлығын қоюланғанша араластырып тұрамыз. Креміміз қою болып өз формасын ұстайтындай дәрежеде болуы керек. Енді банағы рулетті ашып оңың үстіне кремімізді салып тегістеп жағып шығамыз. Сосын рулетті əдемілеп ораймыз. Міне Рулет дайын. Өзіңіздің фантазияңызға қарай рулетті əртүрлі етіп əсемдесеңіз болады. Рулетті кемінде холодильникке 1-2 сағат ұстауы керек. Сонда ол одан сайын дəмдірек бола түседі.

Астарыңыз дәмді болсын
248 viewsМelody, 09:44
Ашу / Түсініктеме
2021-12-13 12:44:52
243 viewsМelody, 09:44
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 17:46:11
Сочники əзірлейміз

Құрамы:
Жұмыртқа 1шт
Сарымай 100гр
Сметана 120 гр
Сода 0,5 ш.қ
Тұз шым шым
Ұн 380 гр
Салмасы:
Творг 350гр
Жұмыртқа 1 шт
Қант 100 гр
Сметана 2 ст.л.
Ұн 2-3 ст.л

Жасалуы:
Ыдысымызға жұмыртқа, қант, сарымай ,қаймақты салып жақсылап араластырамыз. Енді оның үстіне тұз, сода, ұнымызды қосып жұмсақ қамыр илейміз.

Ал енді салмасын дайындау үшін бөлек ыдысқа творгымызды, жұмыртқаны, қанты, қаймақты, ұнымызды салып дұрыстап араластырамыз. Салмасы дайын.

Ал енді банағы қамырымызды бірдей бірнеше бөліктерге бөліп, дөңгелек етіп орташа қалыңдықта жаямыз. Жайған қамырдың жарты дөңгелектің ішіне банағы салмамызды салып отырамыз, екінші жартысымен бетін жабамыз. Енді қызып тұрған пешке 190 гр та 25- 30 мин пісіріп аламыз.

Астарыңыз дəмді болсын
389 views damxana , 14:46
Ашу / Түсініктеме
2021-12-10 16:46:39
Бізден 5’000’000 ға дейн товар оформить етіп ақшсан алып кете аласыз

Переплата: 0%
Одобрение: 90%

Менеджер қыздар түсіндіреді

https://chat.whatsapp.com/CNOSxJsba4M107BVYTt2Ld
525 viewsМelody, 13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 17:47:47
Мак қосылған бисквит дайындап көріңіз өте жұмсақ əрі дəмді болып шығады.

Құрамы:
Жұмыртқа 4 шт
Қант 150 гр
Сары май 100 гр
Сметана 120 гр
Тұз шым шым
Разрыхлитель 1ш.Қ
Ұн 160 гр (+/-)
Ванилин (міндетті емес )

Жасалуы:
Ыдысымызға қантпен жұмыртқаны, тұзды салып көпіргенше араластырып аламыз. Оған жұмсақ сары майымызбен сметанамызды салып тағыда араластырамыз. Кейін ұнмен разрыхлительды ситадан өткізіп салып тағыда біркелкі болғанша миксерлеп аламыз. Дайве Қамырымызды формаға құйып, қызып тұрған пешке 180 грта 35 -40 минут пісіріп аламыз. Піскен піспегендігін ағаш таяқшамен тексеріп аламыз.

Астарыңыз дəмді болсын
726 views damxana , 14:47
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 17:12:15
Өте нәзік əрі дəмді оладьи дайындап көрдіңізбе. Дайындамасаңыз міндетті түрде дайындап көріңіз

Құрамы:
Айран 400 мл
Жұмыртқа 1 шт
Қант 100 гр
Тұз шым шым
Ұн 250 гр
Сода 0,5 шəй қасық

Жасалуы:
Жұмыртқамызға қант, тұзды салып араластырып аламыз. Кейін үстіне айранымызды салып тағы араластырыңыз. Кейін ұнмен содамызды салып тағыда біркелкі болғанша аралыстырамыз. Міне оладьи қамыры дайын. Енді табамыз ды майлап, қыздырып 1 ас қасықтан құйып отырып қызартып пісіреміз.

Астарыңыз дәмді болсын
414 views damxana , 14:12
Ашу / Түсініктеме
2021-12-07 14:13:26 Жарнама бойынша @balbraun
568 viewsМelody, 11:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-05 19:18:52
Өте дəмді əрі ең оңай Кекс

Құрамы:
Жұмыртқа 3 шт
Қант 200 гр
Сары май 180 гр
Ұн 280 гр
Разрыхлитель 1 шəй қасық

Жасалуы:
Ыдысымызға Бөлме температурасындағы сары майды, қантты салып миксермен араластырып аламыз. Оған жұмытрқаларымызды салып тағыда жақсылап араластырып аламыз.
Енді оған разрыхлитель мен ұнды електен өткізіп аз аздан сала отырып, миксермен тағыда біркелкі етіп араластырамыз. Қамырымыз дайын. Қамырды арнайы формаңызға құйып, алдын ала қызып тұрған пешімізге салып, 180 гр та 30-40 мин пісіріп аламыз(əркім нің пешінің қызуы əртүрлі əртүрлі уақытта пісуі мғмкін). Міне осымен кекстарысыз дайын

Астарыңыз дәмді болсын
1.3K views damxana , 16:18
Ашу / Түсініктеме
2021-12-03 17:50:50
Пончик өте дəмді Жасалуы оңай

Құрамы:
Сүт(жылы) 250 гр
Су (жылы)100 гр
Сары май 70 гр
Жұмыртқа 1 шт
Қант 100 гр
Тұз 0,5 шəй қасық
Дрожжи ( құрғақ)1,5 шəй қасық
Ванилин 1 пакетик (қалауыңызша ) маңызды емес
Ұн 600-650 (+/-)

Жасалуы:
Үлкендеу ыдысымызға жоғарыда көрсетілген заттарды рет ретімен салып барлығын араластырып жұмсақ қамыр илейміз. Дайын қамырымыздың бетін жауып, жылы жерге 2-3 сағатқа көтерілуге қойып қоямыз. Қамырымыз үлкен болып көтерілгеннен кейін, қамырды оқтаумен 5-7 мл қалыңдықта жайамыз. Жайылған қамырды суреттегідей дөңгелек формада ойып- ойып алып қызып тұрған сұйық майға салып екі жағын бірдей етіп қызартып пісіріп аламыз. Ал начинкасы өзіңіздің қалауыңызша. Ештеңе салмайда жей беруге болады. Өте дəмді болып шығады.

Астарыңыз дәмді болсын
2.0K views damxana , 14:50
Ашу / Түсініктеме
2021-11-30 16:55:13
Осындай əдемі брауни дайындағыңыз келедіме онда төменге өтіп, рецептысын қағып алыңыз

Құрамы:
Шоколад 200 гр
Сары май 180 гр
Жұмыртқа 4шт
Қант 200 гр
Какао 1 үлкен қасық
Ұн 200 гр

Жасалуы: Ең алдымен шоколадымыз бен майымызды газге ерітіп аламыз(абайлаңыз
Шоколад күйіп кетпесін ) толыққанды ерітіп аламыз. Ерігеннен кейін газдан алып суығанша, келесі ыдысты алып оған жұмыртқамызды қантымызды салып көпіргенше миксерлеп аламыз. Кейін оған шоколадты массамызды құйып тағы жақсылап араластырамыз. Араластырып болғаннан кейін ұнмен какаоны ситадан өткізіп отырып массамыз біркекі болғанша миксерлеп отырамыз. Міне браунилын қамыры дайын. Кез келген формаға құйып 22-24 дм де болады.Енді алыдын
Ала қыздырылған пешімізге салып 180 градуста 25-30 мин пісіріп аламыз. Піскен піспегендігін ағаш таяқшамен тексеріп аламыз, таяқша егер құрғақ болса пісті деген сөз.

Астарыңыз дəмді болсын
761 views damxana , 13:55
Ашу / Түсініктеме