Get Mystery Box with random crypto!

Пончик өте дəмді Жасалуы оңай ⠀ Құрамы: Сүт(жылы) 250 гр | Асхана Рецепт Торт Салат

Пончик өте дəмді Жасалуы оңай

Құрамы:
Сүт(жылы) 250 гр
Су (жылы)100 гр
Сары май 70 гр
Жұмыртқа 1 шт
Қант 100 гр
Тұз 0,5 шəй қасық
Дрожжи ( құрғақ)1,5 шəй қасық
Ванилин 1 пакетик (қалауыңызша ) маңызды емес
Ұн 600-650 (+/-)

Жасалуы:
Үлкендеу ыдысымызға жоғарыда көрсетілген заттарды рет ретімен салып барлығын араластырып жұмсақ қамыр илейміз. Дайын қамырымыздың бетін жауып, жылы жерге 2-3 сағатқа көтерілуге қойып қоямыз. Қамырымыз үлкен болып көтерілгеннен кейін, қамырды оқтаумен 5-7 мл қалыңдықта жайамыз. Жайылған қамырды суреттегідей дөңгелек формада ойып- ойып алып қызып тұрған сұйық майға салып екі жағын бірдей етіп қызартып пісіріп аламыз. Ал начинкасы өзіңіздің қалауыңызша. Ештеңе салмайда жей беруге болады. Өте дəмді болып шығады.

Астарыңыз дәмді болсын