Get Mystery Box with random crypto!

Осындай əдемі брауни дайындағыңыз келедіме онда төменге өтіп, | Асхана Рецепт Торт Салат

Осындай əдемі брауни дайындағыңыз келедіме онда төменге өтіп, рецептысын қағып алыңыз

Құрамы:
Шоколад 200 гр
Сары май 180 гр
Жұмыртқа 4шт
Қант 200 гр
Какао 1 үлкен қасық
Ұн 200 гр

Жасалуы: Ең алдымен шоколадымыз бен майымызды газге ерітіп аламыз(абайлаңыз
Шоколад күйіп кетпесін ) толыққанды ерітіп аламыз. Ерігеннен кейін газдан алып суығанша, келесі ыдысты алып оған жұмыртқамызды қантымызды салып көпіргенше миксерлеп аламыз. Кейін оған шоколадты массамызды құйып тағы жақсылап араластырамыз. Араластырып болғаннан кейін ұнмен какаоны ситадан өткізіп отырып массамыз біркекі болғанша миксерлеп отырамыз. Міне браунилын қамыры дайын. Кез келген формаға құйып 22-24 дм де болады.Енді алыдын
Ала қыздырылған пешімізге салып 180 градуста 25-30 мин пісіріп аламыз. Піскен піспегендігін ағаш таяқшамен тексеріп аламыз, таяқша егер құрғақ болса пісті деген сөз.

Астарыңыз дəмді болсын