Get Mystery Box with random crypto!

Шоколадный рулет өте өте дəмді болып шығады дайындап көріңіз | Асхана Рецепт Торт Салат

Шоколадный рулет өте өте дəмді болып шығады дайындап көріңіздер

Құрамы:
Жұмыртқа С1 4шт
Ұн 150 гр
Қант 200 гр
Какао 20 гр
Сұйық май 40 гр
Разрыхлитель 1ш.қ

Крем:
Сливки 200 гр
Творожный сыр 150 гр
Қант ұнтағы 50 гр

Жасалуы:
Ыдысымызға қантпен жұмыртқаны салып көпіргенше араластырып аламыз. Жұмыртқа 2-3 есе көтерілу керек. Сұйықмай ды қосамызда жаймен араластырамыз. Кейін ситадан ұн, какао, разрыхлительды өткізіп, жұмыртқалы массамызға аз-аздан салып арнайы күрекшемен төменнен жоғары қарай жаайлап біркелкі болғанша аралыстырамыз. Енді төртбұрышты үлкендеу формаға құйамызда, қызып тұрған пешімізге саламыз. Формаға құймастан бұрын, формаға пергаментный қағаз төсеген жөн. Бисквитіміз оңай алыну үшін.180 гр та 25-30 мин пісіріп аламыз. Əркімнің пешінің қызуы əртүрлі, сондықтан əртүрлі уақытта пісуі мүмкін. Піскен рулетті сразу үлкендеу орамалды төсеп ормалмен бірге орап тастау керек.

Кремді дайындау үшін құрғақ ыдысқа салқын сливкиды құйып, творожный сырды, қант ұнтағын салып барлығын қоюланғанша араластырып тұрамыз. Креміміз қою болып өз формасын ұстайтындай дәрежеде болуы керек. Енді банағы рулетті ашып оңың үстіне кремімізді салып тегістеп жағып шығамыз. Сосын рулетті əдемілеп ораймыз. Міне Рулет дайын. Өзіңіздің фантазияңызға қарай рулетті əртүрлі етіп əсемдесеңіз болады. Рулетті кемінде холодильникке 1-2 сағат ұстауы керек. Сонда ол одан сайын дəмдірек бола түседі.

Астарыңыз дәмді болсын