Get Mystery Box with random crypto!

Жөтелді қалай емдейміз? ⠀ Жөтел көбінесе ЖРВИ (жедел респир | Қыздарға кеңес | Ана мен бала

Жөтелді қалай емдейміз?

Жөтел көбінесе ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) кезінде болады. Неге десеңіз? ЖРВИ кезінде баланың мұрнынан жиі шырыш бөлінеді. Шырыш жұтқыншақтың артқы қабырғасына ( жөтел шақырушы рецептор орналасу аймағы)  ағады, қорғаныстық рефлекс арқылы жөтел пайда болады.

Бұл кезде ешқандай муколитик( амбро, гербион, ацц, т.б.) антибиотик  керек емес.
Балаға салмағына сай су беру керек. Масылы: Бала салмағы-10кг.
10кг×50=500мл су мөлшерін қабылдау керек.
Мұрынындағы шырышты теңіз суымен шайып сорғышпен сорып алу қажет.

Балаға дренажды массаж жасау қажет карусельды жылжыту арқылы көре аласыз.
Дренажды массажды бронхит, пневмония кезінде жасау қажет.
ЖРВИ кезінде қажеттілігі жоқ. Өйткені ол кезде өкпеде қақырық болмайды.

Арнайы өкпе қызметін арттыру үшін жаттығулар жасатуға болады.
Сабын судан шығатын шариктер үрлеу.
Трубочкамен суды бүлкілдету.
Тыныстық гимнастика жасату: екі қолын жоғары көтеріп ауа жұтып, түсіргенде ауаны шығару. 5-7 рет қайталату.

Жөтелді тоқтатушы дәрілер ( синекод) сияқты мүлде балаға беруге болмайды

Баланың тамақтану режимін бақылаңыз, су жиі-жиі беріңіз. Бөлмені желдетіп жиі еденін жуып отырыңыз. Ауаны ылғалдандырып отырыңыз. Ауа құрғақ болған сайын бала жөтеледі.

Температура көтерілген жағдайда ибуфен, парацетамол детский беруге болады. Дәрілердің аралығы 6 сағ болуы қажет. Температура түспеген жағдайда жедел жәрдем шақырыңыз немесе дәрігерге хабарласыңыз.

Есіңізде болсын 1жасқа дейінгі балаға муколитик беруге болмайды.
Тек дәрігер тағайындауымен және бақылауымен.

Муколитиктер шықпай қоюланған қақырықты жібітіп шығару үшін. Қақырық шықпай жатқанда дәрігер тағайындауымен қабылдаңыздар.

Сұрақтарыңыз бар ма?
Жазба сіз үшін пайдалы болды ма?